Меню

Страницы

Статья

Мәдениет

 АҚПАРАТ

Батыс Қазақстан облысы бойынша 680 мәдениет мекемесі жұмыс жасайды. Оның ішінде 2 драма театры, 2 концерттік мекеме, 357 кітапхана, 262 мәдениет үйі мен клубтар, 5 автоклуб, 5 кинотеатр (3 жеке), 15 киноқондырғы, 25 музей, 1 көрме залы, 3 саябақ, 2 орталық және тарихи-мәдени мұраларды қорғау жөніндегі мемлекеттік  инспекция бар.

2025 жылы облыс бойынша 11 нысанның құрылысы (Бәйтерек ауданы Щапов, Макаров, Көшім ауылдық клубтары мен Достық мәдени-спорт кешені, Сырым мен Жәнібек аудандық кітапханалары, Ақжайық ауданы Көнеккеткен мен Қабыршақты ауылдық клубтары, Қаратөбе ауданы Аққозы ауылдық клубы мен Шөптікөл ауылындағы мәдени-спорттық кешен, Жәнібек ауданы Жақсыбай ауылдарындағы мәдени-спорттық кешені) мен 7 нысанның күрделі жөндеуі (Жастар мәдениет сарайы, А.Островский атындағы драма театры, Бәйтерек аудандағы М.Шолохов музейі, Бөрлі ауданы Кеңтүбек, Бумакөл, Жарсуат ауылдық мәдениет үйлері, Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры) мен 2 ғылыми-реставрациялық жұмыстары   (Хан Ордасы музей-қорығы құрамындағы Хан мешіті мен Жәңгір хан кесенесі) жоспарланып,                    11 нысан пайдалануға берілді.

Жастар мәдениет сарайының күрделі жөндеуі аяқталып, базасында шығармашылық бағытта жұмыс жүргізетін «ÓzgeEpic Oral» креативті хабы ашылды.

Сонымен қатар елімізде алғаш рет мәдениет саласында «Қазақстан халқына» қорымен бірлесе 25 ауылдық кітапхананы модернизациялау бойынша жоба жүзеге асырылды. Жобаға  6 аудандық, 19 ауылдық кітапхана қатысып,  кітапхана ғимараттарына жөндеу жүргізіліп, қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталып, кітап қоры толықтырылды.

Негізгі бағыттар бойынша атқарылған жұмыстар:

Батыс Қазақстан облысы бойынша 262 клуб мекемесі жұмыс жасайды. Оның ішінде 12 аудандық мәдениет үйі /1 қалалық жерде Ақсай қаласы/, 109 ауылдық мәдениет үйі, 105 ауылдық клубы, 31 қалалық мәдениет үйі мен клуб /АДО қарасты Қызылтал клубы, Достық үйі – Ақсай қаласы/, 5 автоклуб /ауылдық жерде/. Оның 118-і типтік үлгіде, 139-ы – бейімделген орында орналасқан.

БҚО бойынша 2025 жылы 15482 мәдени шара өтіп, 1613235 көрермен қамтылды.

БҚО бойынша үйірме - 1473, қатысушы - 18975 адам, оның ішінде: балалар үйірмесі – 945, қатысушы бала - 12356.             

Батыс Қазақстан облысы бойынша «Халықтық» (үлгілі) атағы бар 123 көркемөнерпаз ұжымы бар, оның ішінде «халықтық» - 95, үлгілі – 28 ұжым, қатысушы көркемөнерпаз - 3093 адам. (Казталов ауданы 13, Тасқала ауданы 12, Сырым ауданы 12, Бөрлі ауданы 12, Теректі ауданы 11, Жаңақала ауданы 9, Ақжайық ауданы 9, Бәйтерек ауданы 9, Орал қаласы 9, Шыңғырлау ауданы 8, Жәнібек ауданы 7, Бөкей ордасы ауданы 6, Қаратөбе ауданы 6). Штат бірлігі - 145. «Халықтық» ұжымдар жетекші, хореограф, аккомпониатор мамандармен қамтылған.

2025 жылы Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрінің 01.08.2025 жылғы №364-НҚ бұйрығына сәйкес Батыс Қазақстан облысы бойынша 13 көркемөнерпаз ұжымына жаңадан «Халықтық» және  «Үлгілі» атағы берілді.

Облыстың көркемөнерпаздары 2025 жылы 114 байқаудың жүлдегерлері атанды. Оның ішінде халықаралық жүлде 28, республикалық жүлде 48, аймақтық жүлде 6, облыстық жүлде 32.

Музей ісі:

Батыс Қазақстан облысының тарихи-мәдени мұраларын насихаттау жолында 25 музей халыққа қызмет көрсетеді (2 қоғамдық, 2 аудандық, Хан ордасы тарихи-мәдени, архитектуралық-этнографиялық музей қорығы, Жайық қалашығы музей-қорығы, облыстық тарихи-өлкетану музейі мен 18 бөлімі).

Музейлер қорына 7 140 жәдігер  түсіп,  226 561 с.б. жәдігерлер сақтаулы.

Музейлерге келушілердің саны 95 759 адамды құрады.

11 131 экскурсия, 400 көпшілік шаралар өткізілді. Музейлерде 168 көрме жасақталып, 164 дәріс оқылды.

Цифрлық форматқа форматқа 2 685 жәдігер енгізілді.

Кітапхана ісі:

25 ауылдық кітапхананы модернизациялау жобасы:

Елімізде алғаш рет мәдениет саласында «Қазақстан халқына» қорымен бірлесе 25 ауылдық кітапхананы модернизациялау бойынша жоба жүзеге асырылды.

Батыс Қазақстан облысында 357 мемлекеттік кітапхана қызмет көрсетуде, оның ішінде 328 ауылдық жерде орналасқан. 

Жобаға 6 аудандық, 19 ауылдық кітапхана таңдап алынды.

Жобаны жүзеге асырушы жұмыс тобы 25 ауылдық кітапханалармен танысып, дизайн жобасын дайындап, кітапхана пайдаланушыларының талап-тілектерін ескеріп, техникалық тапсырмаларды жасақтады.

Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ауылдық   кітапханалардың   жөндеу жұмыстарын дизайн жобаға сәйкес жүргізуді өз тарапына алды. 

Жобаны жүзеге асыру барысында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі модернизациядан өтетін кітапханалардың жөндеу жұмысын жүргізіп,«Қазақстан халқына» қоғамдық  қорынан  кітапханаларға қажетті  техникалық құрал-жабдықтар мен жиһаздар, кітап қорын толықтыру  мақсатында  әр кітапханаға 800-ден   астам  атаудағы 20 мың 195 кітап алынды.

2024 – 2025 жылдары 25 ауылдық кітапхана модернизациядан өтіп, халыққа қызмет көрсетуде.

Батыс Қазақстан облысының кітапханалық жүйесінде 2026 жылдың 1 қаңтар айына 357 кітапхана оқырмандарға ақпараттық қызмет көрсетті (с.і. 328-і ауылдық жерде).

2026 жылдың 1 қаңтар айына оқырмандар саны 292 095 адам (2024 ж. -289 109), өткен жылмен салыстырғанда 2986 адамға өсіп отыр

Кітапханаға келушілер саны -2 693 336 адам (2024 ж. – 2 617 512), өткен жылмен салыстырғанда  75 824  адамға өсіп отыр.

2026 жылдың 1 қаңтар айына облыс кітапханаларының кітап қоры – 5 991 787 /2 686 065 дана (2024 ж. 5 971 568/ 2 657 471), өткен жылмен салыстырғанда 20 219 бірлікке өсіп отыр.

Кітап берілімі -5 333 884 (2024 ж. - 5 267 604 бірлік), өткен жылмен салыстырғанда 66280 бірлікке артты.

 

Концерттік қызмет:

Облыстық концерттік ұйымдармен жыл ішінде 184 концерт ұйымдастырылды (оның ішінде: халықаралық деңгейдегі шара - 10, республикалық деңгейдегі шаралар 6, облыстық деңгейдегі шара 122, гастрольдік сапарлар 32 (оның ішінде шет мемлекеттерде - 9). Осы көрсеткішке орай жалпы көрермен саны - 54800.

Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясы ұжымы халықаралық деңгейде Түркия, Түркіменстан, Чехия, Қырғызстан және Ресей елдерінде гастрольдік сапармен өнер көрсетті.

Сәуір–маусым айларында күйші-домбырашы, қазақ ұлттық халық аспаптары оркестрінің негізін қалаушыларының бірі Науша Бөкейхановтың 155 жылдығына және Дәулеткерей атындағы қазақ халық аспаптары оркестрінің құрылғанына 25 жыл толуына арналған оркестрдің домбырашылар тобының «КҮЙ-КЕРУЕН» концерті; Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына орай «НАҒЫЗ ҚАЗАҚ — ДОМБЫРА» атты дәстүрлі әншілердің қатысуымен ән кеші; ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, әлемге танымал пианист Амир Тебенихиннің классикалық музыка кеші өтті.

Концерттік ұйымдар еліміздің Алматы, Түркістан, Шымкент және Атырау қалаларында концерттерін ұйымдастырды.

«Атамекен» халық биі ансамблінің 30 жылдығы аясында 3 күндік халықаралық-республикалық фестивалі өтті. Фестиваль аясында республикалық конференция, ансамбльдің «Әдемі бидің әлемі» атты жеке шығармашылық кеші және Ақ Жайық өңіріндегі би ұжымдарының қатысуымен Гала-концерт өтті.

Сонымен қатар, Астана қаласында өткен дүниежүзілік «Көшпенділер әлемі» халықаралық этнофестивальде филармония ұжымының өнерпаздары жоғары деңгейде өнер көрсетті.

Театр қызметі:

2025 жылдың ішінде облыстық 2 драма театрымен (Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры, А.Н.Островский атындағы драма театры) 309 қойылым ұсынылып, 47963 көрерменді қамтыды.

Театрлардың репертуарында жалпы саны 109 қойылым бар, 11 премьера сахналанды, оның ішінде 7 ересектерге арналған, 4 балаларға арналған жаңа қойылым.

Х.Бөкеева атындағы қазақ драма театры 5 жаңа қойылым («Дина» деректі драмасы, «Ревизор» комедиясы, «ҚАДЫР-АДАМ» драма-реквиемі, «Мен чемпион боламын» ертегісі, «Гүлге ұмтылған екеу» драмасы), А.Н.Островский драма театры 6 жаңа қойылым («Рождественская Елка» театрландырылған қойылымы, Халықаралық театр күніне орай театрландырылған қойылым, Ұлы Отан соғысының 80 жылдығына орай «Не для меня придет весна…», «Три сестры» драмасы, «Курочка Ряба» және «Этот чудный Новый Год» ертегілері  ) ұсынды.

Қазан айында театрлар еліміздің Шымкент, Алматы қалалары мен Қырғызстан Республикасының Бішкек қаласына гастрольдік сапарларын ұйымдастырды.

Қадыр Мырза Әлінің 90 жылдығына арналған Н.Сауданбекұлының «ҚАДЫР-АДАМ» қойылымының премьерасы ақынның туған жері Сырым ауданында өтті.

Тарихи-мәдени мұра:

Облыста жалпы саны 2 134 тарих және мәдениет ескерткіштері (республикалық маңызы бар - 30, жергілікті маңызы бар - 2 104) мемлекеттік тізімге енгізіліп, қорғауға алынған.

ТІЛ САЯСАТЫ

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 16 қазандағы №914 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру мақсатында жоспарлы жұмыстар жүргізілуде.

2026 жылы тіл саясатын жүзеге асыруға 90,351 мың теңге (2025 жылы – 85,641 мың теңге) бөлінді, оның ішінде 38,000 мың теңге мемлекеттік және ағылшын тілдерін оқыту курстарына арналған.

Әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша 2025 жылы мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі 86,5% құрады (2024 жылы – 86%).

Басқарма тарапынан облыс тұрғындарына мамыр айынан бастап мемлекеттік (710 адам) және ағылшын (700 адам) тілдерін оқып үйренуге арналған тегін оқыту курстары өтті.

2025 жылдың 4-тоқсаны  (қазан, қараша, желтоқсан) бойынша мемлекеттік тілдегі құжатайналымға жүргізілген мониторинг қорытындысы (ведомстволары мен аумақтық бөлімшелері және бағынысты ұйымдарын қоса алғанда) бойынша 97% құрады.

2025 жылдың сәуір айында «Казтест» сынағынан 300 мемлекеттік қызметшілер мен мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлер тестілеуден өтті. Тестілеу нәтижесінде мемлекеттік тілді ортадан жоғары деңгейде меңгерген мемлекеттік қызметшілер – 45%, орта деңгейді меңгерген мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлер – 41%  құрап отыр.

 2025 жылы облыс бойынша 1000-ға жуық кәсіпорынға әдістемелік көмек көрсетілді.

2025 жылдың мамыр айында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Батыс Қазақстан облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасымен бірлесе отырып, «Тіл заңнамасы: мүмкіндіктер, бастамалар және мәселелер» тақырыбында республикалық семинар өткізілді.

Аталған іс-шараға Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ербол Тілешов және депутат Абзал Құспан қатысып, жаңадан заңға енгізілген өзгерістер туралы талқыланды.

2025 жылдың 16-20 қыркүйек аралығында Орал қаласында «Алтын көпір» халықаралық фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты – ұлттық бірегейлікті сақтауға, рухани және тарихи-мәдени мұраны нығайтуға бағытталған  шараларды ұйымдастыру арқылы Батыс Қазақстан облысына шектес орналасқан Ресей Федерациясындағы қазақ диаспорасының өкілдерімен тығыз мәдени-әлеуметтік байланыстарды орнату, ана тілін үйренуде әдістемелік және ұйымдастырушылық қолдау көрсету.

Аталмыш шараға Батыс Қазақстан облысына шектес орналасқан Самара, Саратов, Орынбор, Астрахан және Волгоград облыстарындағы қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Бейбітшілік пен келісімде жүзден астам этнос өкілдері мекендеген тәуелсіз Қазақстанның маңызды мерекелерінің бірі болып табылатын Қазақстан Республикасы Халықтарының тілдер күні біздің өңірде де5-қыркүйек күні «Тіл – тұтастық туы» атты жалпыхалықтық тіл фестивалі болып аталып өтілді.

2025 жылы тіл фестивалі Қазақстан халқы тілдері күні мерекесіне және Абай Құнанбайұлының туғанына 180 жыл толуына   арналды.

Тіл айлығы облыстың барлық аудандары мен Орал қаласында  аталып өтті. Облыстық деңгейде тіл айлығы аясында 200-ге жуық  іс-шара ұйымдастырылды. Мемлекеттік тіл саясатын дамыту шараларының барлығы тілдік қақтығысты болдырмай, оны қоғамның барлық саласында қолданылуын кеңейтуге бағытталды.

Кадрлық және әдістемелік жұмыс:

Облыстық 681 мәдениет мекемелерінде 6000-нан астам қызметкерлер жұмыс жасайды. Біліктілігін арттырған мәдениет саласы қызметкерлерінің жалпы саны – 273 маман.

Мәдениет саласына жас мамандарды тарту мақсатында бос жұмыс орындары туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жас мамандарға арналған бейімдеу (адаптация) және тәлімгерлік бағдарламалар ұйымдастырылды. Біліктілікті арттыру курстары мен оқыту семинарларына қатысу мүмкіндігі берілді. Сондай ақ, жас мамандардың кәсіби дамуына жағдай жасау үшін шығармашылық жобалар мен байқауларға тартылды.

Мысалы, «Цифрлық платформалар – жаңа мүмкіндіктерге» облыстық  «Әдіскер» клубының семинары өтті. Семинарда аудандық әдіскер мамандардың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында тәжірибе алмасу ұйымдастырылды.

 

 

 

Дата публикации
10 августа 2022
Дата обновления
05 февраля 2026
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы