Ағымдағы жыл басында мемлекеттік қызметшілерімен қызметтік әдеп нормаларын сақтау тиімділігі деңгейін бағалау мақсатында Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарының жергілікті атқарушы органдарының ресми сайттарында сауалнама орналастырылды.
2021 жылдың 1 желтоқсанына сауалнамаға 2046 респондент қатысқан.
- «мемлекеттік қызметшілермен қызметтік әдеп нормаларының сақталуына қойылатын қатаң талаптар мемлекеттік органда сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмауға оң әсерін тигізеді деп санайсыз ба?» деген сұраққа респонденттердің 89,9% - «иә,келісемін» деп жауап берген;
- «сіз күнделікті өмірде мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзу фактілерін жиі кездестіресіз бе?» деген сұраққа 79,3%- кездестірмеймін», 16,2% -«аз», 4,5% - «жиі» деп жауап берген;
- «Сіз Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының, облыстық басқармалардың, Орал қаласы мен аудандар әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері тарапынан қызметтік әдеп нормалары бұзылуы немесе сыбайлас жемқорлық көріністерімен кездестіңіз бе?» деген сұраққа «жоқ, кездеспедім» деп 97,6%, «иә,кездестім» деп 2,4% жауап берген;
- «Сіздің пікіріңізше, мемлекеттік қызметшінің қоғам тарапынан қойылатын талаптарға сәйкес келуі үшін қандай шаралар қабылдануы қажет?» дегн сұраққа 38,7 % «еңбекақысын көтере отырып, оның тәртібіне қойылатын талаптарды күшейту керек», 41,8% «олармен дәріс –семинарлар өткізу қажет», 11% «жүйелі түрде тәртіптік жазаға тарту керек», 8,5% «жауап беруге қиналамын» деп жауап берген.
Сауалнаманы толтыру жұмысы жалғасуда. Сауалнамалар жергілікті атқарушы органдардың ресми сайттарында орналастырылған.
Облыс әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі А.Р.Хайруллина