Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттің ерекше қамқорлығының нысанасы болып табылады. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында балалық шақ мәселелерімен биліктің барлық деңгейлерінде айналысады, азаматтық қоғамның секторларын нығайту процесі жүріп жатыр. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті өз қызметін жалғастыруда, оның тікелей қатысуымен елімізде кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі 220-дан астам комиссияның жұмысы ұйымдастырылды.
Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі Комиссия (бұдан әрі - Комиссия) кәмелетке толмағандардың қадағалаусыздығы мен құқық бұзушылықтарының профилактикасы жүйесінің алқалы органы болып табылады. Кәмелетке толмағандардың қадағалаусыз, панасыз қалуының, құқық бұзушылықтары мен қоғамға жат іс-әрекеттерінің алдын алу саласындағы алдын алу жүйесінің органдары мен мекемелерінің қызметін үйлестіру, бұған ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және жою, балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, әлеуметтік қауіпті жағдайдағы кәмелетке толмағандарды әлеуметтік-педагогикалық оңалту мақсатында құрылған. Сондай-ақ, аудандық (қалалық) комиссиялардың қызметін бақылайды.
Комиссияның құқықтық негізін: Қазақстан Республикасының Конституциясы, «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы және балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, ел аумағында қолданылатын заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актілер, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары құрайды.
Комиссия төрағасы облыс әкімінің орынбасары Б.Х.Нарымбетов болып табылады. Комиссия мүшелері-депутаттар, облыстық білім, мәдениет, денсаулық сақтау, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, ішкі саясат, дене шынықтыру және спорт, жастар ісі, әділет басқармаларының басшылары, құқық қорғау органдарының, қоғамдық және өзге де ұйымдардың өкілдері. Комиссия жұмысының негізгі қағидаты: "балалар-бұл ұлттық игілік, сондықтан олардың өмір сүру сапасын жақсарту бірінші кезектегі міндет болып табылады!».
Комиссия жұмысының регламенті мен мазмұны Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның қызметі туралы Үлгілік ережеде» айқындалған.