2021 жылдың 28 қарашасына Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округі әкімінің өкілеттілігі аяқталуына және Жәнібек ауданы Күйгенкол ауылдық округі, Теректі ауданы Шалқар ауылдық округі, Шынғырлау ауданы Қарағаш ауылдық округі әкімдерінің өкілеттілігі кезектен тыс аяқталуына байланысты сайлаулары тағайындалды.
Барлығы 14 кандидат ұсынылды оның ішінде 4 (28,6 %) саяси партиялармен, 10 (71,4 %)–өзін-өзі ұсынғандар.
Соның ішінде 3 кандидат «Nur Оtan» саяси партиясынан, 1- Қазақстан халық партиясынан.
Ағымдағы жылдың 17 қараша жағдайы бойынша 14 кандидаттың құжаттары қаралып – 12 кандидаттың құжаттары заң талаптарына сәйкестігі анықталды.
Барлық кандидаттардың 10 - бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері. Соның ішінде 6 кандидат мемлекеттік қызметші.
Кандидаттардың орта жасы 36 жас, ең жас кандидат 25 жаста, жасы үлкені – 48 жас.
4(28,6%) кандидат ауылдық округтің тұрғыны, 8 (64,3 %) –ауданда тұрады, 1 (7,1 %) – қалада тұрады.
17 қараша жағдайы бойынша Сырым ауданы Бұлдырты ауылдық округі бойынша 3 кандидат, Жәнібек ауданы Күйгенкөл ауылдық округі бойынша 3 кандидат, Теректі ауданы Шалқар ауылдық округі бойынша 3 кандидат және Шынғырлау ауданы Қараағаш ауылдық округі бойынша 3 кандидат тіркелді.
Ұсынылған 14 кандидаттын 12 тіркелді, 2 кандидаттың құжаттары талаптарға сәйкес келмеуне байланысты тіркеуден бас тартылды.