2020 жылда өндірілген ЖӨӨ көлемі 2719,0 млрд.теңгені құрады, нақты көлем индексі 2019 жылдың тиісті деңгейіне 99,1%, жан басына шаққанда 4125,9 мың теңге. Республиканың ІЖӨ өндірісінде облыстың үлесі 3,8% құрады.
2021 жылдың қаңтар-мамырда өнеркәсіп өнімдері 1059,7 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 94,1%.
Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 94,3%, өңдеу саласында 86,5% құрады.
2021 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 309 жұмыс орын құрумен 7,9 млрд.теңгеге 4жоба іске асырылуда.
Негізгі капиталға инвестициялар 127,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамыр деңгейінен36,4% аз.
205,5 мың шаршы метр тұрғын үйіске қосылды немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейінен 1,6%-ке көп.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 35,8 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылғы тиісті кезең деңгейінен 12,4%-ке аз.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі48,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2020 жылдың қаңтар-мамыр деңгейінен 3,3%-ке көп.
16,6 млн. тонна жүк және 38,2 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2020 жылдың қаңтар-мамырдеңгейіне 57,4% және 35,2%.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 128,1 млрд. теңге, 2020 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 1,2% құрады.
ЕАЭО елдерменсыртқы сауда айналымы 2021 жылғы қаңтар-сәуірде1670,1 млн. АҚШ долларын құрады немесе 2020 жылдың деңгейіне 85,1%.
Инфляцияның жалпы деңгейі 103,4% құрады (республикалық көрсеткіш – 103,5%). Азық-түлік тауарларының бағасы 4,6%-ке өсті (республикалық көрсеткіш – 4,9%-ке), азық-түлік емес тауарлар – 2,9%-ке (республикалық көрсеткіш – 3,1%-ке), ақылы қызметтер – 2,3%-ке (республикалық көрсеткіш – 2,1%-ке).
Мемлекеттік бюджетке 92,2 млрд. теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер жиналды (болжамға 157,3%), бұл 2020 жылғы қаңтар –мамырдан18,2%-ке аз. Республикалық бюджетке түсімдер 40,2 млрд. теңгені құрады (болжамға 239,2%),2020 жылғы қаңтар-мамырға39,7%, жергілікті бюджетке – 52,0 млрд. теңге (болжамға 124,4%), 2020 жылғы қаңтар-мамырға113,0%.
Экономикалық тұрғыдан белсенді халық санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,4%. Есепті кезеңде 7852 жұмыс орны құрылды, 8107 адам жұмысқа орналасты.
2021 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық еңбекақы 217 998 теңгені құрады немесе 2020 жылғы сәйкесінше деңгейіне 116,7%.