Меню

Страницы

Статья

БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ЖӘНЕ ВОЛГОГРАД ОБЛЫСТАРЫНЫҢ ІСКЕРЛІК КЛУБЫ ҚҰРЫЛДЫ

Батыс Қазақстан облысының өңірлік кәсіпкерлер палатасы мен «Волгоград сауда-өнеркәсіп палатасы» Одағы арасында іскерлік клуб құру туралы келісімге қашықтан қол қою рәсімі Батыс Қазақстан облысы мен Волгоград облысының халықаралық қатынастарын дамыту мәселелері жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы шеңберінде өтті. Отырысты БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев пен Волгоград облысы губернаторының орынбасары Анна Писемская жүргізді. Тараптар атап өткендей, аталған клубтың жұмысы шекаралас облыстардың экономикасын дамытуға серпін береді. Отырыс барысында екі шекаралас облыстың аумағындағы киіктердің санын реттеуге уағдаласты. Сондай-ақ, Засура кенті мен Венгеровка кенті арасындағы ұзындығы 75 км ВЛ-110 КВа жоғары вольтты желісінің құрылысы, денсаулық сақтау, мәдениет саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, сауда-экономикалық ынтымақтастық бағытындағы мәселелер талқыланды. Мұхтар Манкеев атап өткендей, ағымдағы жылдың 1 тоқсанында Батыс Қазақстан облысының Волгоград облысымен сыртқы сауда айналымы 1,7 млн, АҚШ долларын құрады (экспорт-60,0 мың АҚШ доллары, импорт – 1,7 млн. АҚШ доллары), Батыс Қазақстан облысы мен Ресей Федерациясы арасындағы тауар айналымының жыл сайын 10% – ға өсуі байқалады, бұл шекара маңындағы өңірлерді дамыту үшін қосымша серпін болып табылады.

 

Дата публикации
26 мая 2021
Дата обновления
26 мая 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы