Меню

Страницы

Статья

БҚО ӘКІМІ ТҮРІК ИНВЕСТОРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Облыс әкімі Ғали Есқалиев онлайн режимінде Түркиядан келген инвестор "Akgun"компаниялар тобының негізін қалаушы және жетекшісі Юсуф Акгюн мырзамен кездесті. Келіссөздердің басты мәселесі түрік компаниялар тобын БҚО индустриялық аймағының басқарушысы ретінде тарту болды. Айта кетейік, БҚО – да 281 га индустриялық аймақтың құрылысы жүргізілуде, алғашқы инвестор – Нидерландымен бірлескен кәсіпорын 56 га алаңда заманауи өнеркәсіптік жылыжайлардың құрылысын бастады. Сонымен қатар, 225 га алқаптағы ИА аумағын басқару үшін өңір инвестор тартуды жоспарлап отыр. Ынтымақтастық бойынша әкімдік пен басқарушы компания арасында келісім жасалады, ол бойынша басқарушы компания индустриялық аймақтың бөлінген аумағына иелік ететін болады. Индустриялық аймаққа инвесторларды тартумен айналысатын және тартылған әрбір инвестордың шарттарына сәйкес барлық қажетті ішкі инфрақұрылым құратын болады. Бұл ретте басқарушы компания аумақты жалға алғаны үшін төлемақы алады. – Бірінші кезекте бізге мұнай-газ секторына қызмет көрсететін инвесторлар қажет. Сонымен қатар, облыстың тиімді географиялық орналасуы, атап айтқанда, РФ 5 өңірімен және Қазақстанның 2 облысымен көршілес орналасуы бизнестің басқа түрлерін дамыту үшін инвесторларды тартуға қабілетті, – деп атап өтті өңір басшысы. Юсуф Акгюн Мырза Стамбул қаласында ауданы 750 га болатын 2 индустриялық аймақтың негізін қалаушы, оның аумағында 37 кооператив, түрлі фирмалар мен цехтар орналасқан. ИА жұмысында 350 мыңға жуық қызметкер жұмыс істейді. Өткен жылғы айналым 5 млрд АҚШ долларын құраған. Инвестор шамамен 40 жыл бойы индустриялық аймақтарды басқарып келеді. Оның Түркияда 350-ге индустриалды аймағы және елдегі ең үздіктері "Akgun"компаниялар тобына тиесілі. "Akgun" компаниялар тобының басшысы өңірге инвестиция салуға дайын екенін атап өтіп, Қазақстанның бірқатар облыстарымен бұрыннан келе жатқан серіктестік байланыстары туралы атап өтті. Юсуф Акгюн мырза еліміздің 7 облысына консультациялар өткізді. Кездесу соңында тараптар одан әрі ынтымақтастық туралы ресми ұсынысты қарауға уағдаласты.

 

Дата публикации
23 июля 2021
Дата обновления
23 июля 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы