Батыс Қазақстан облысының ішкі саясат басқармасының 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, мемлекеттік тапсырыс аясында «Облыстағы қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг» тақырыбында тоқсан сайын әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі.
Қазіргі уақытта облыстағы қоғамдық-саяси ахуалға мониторинг жүргізу бойынша әлеуметтік зеттеудің 1 кезеңі жүргізілді. Зерттеу Орал қаласында және облыстың 12 ауданында 1000 респондентті қамти отырып жүргізілді.
Зерттеу қорытындысы бойынша респонденттердің 81%-ы өздерінің әлеуметтік көңіл-күйіне қанағат білдіріп отырса, 16,7%-ы қанағаттанарлықсыз деп бағалады, ал қалған 2,9%-ы жауап беруге қиналды.
Сауалнама қатысушыларының 51,0%-ы мемлекеттік органдар тұрғындардың өзекті мәселелерін шешу бойынша барлық тиісті шараларды қабылдауда. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 47,8%-ы жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік саясатты іске асыру бағытындағы жұмысына оң баға берді.
Респонденттердің 68,3%-ы өңірде қақтығысты жағдайлар орын алу мүмкіндігін жоққа шығарады.
Жалпы, облыстағы қоғамдық - саяси ахуалды респонденттердің 63,6%-ы жағымды деп бағалады.