|
Мерзімі бұзылып орындалған өтініштер туралы ақпарат
Облыстың жергілікті атқарушы органдарымен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау барысы қатаң бақылауда тұр. Соның ішінде Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша басқармасынан 10 күн, ай сайын, күнделікті және қажеттілігіне қарай өтініштерді мерзімінде орындау, статистикалық мәліметтердің дұрыстығы және тағы басқа мәліметтер алынып, қала, аудандар әкімдері және облыстық басқармаларға тиісті шаралар қабылдау үшін жолданады. Алайда, Батыс Қазақстан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасында 1 өтініш мерзімі бұзылып орындалған, жауапты тұлғаның жауапкершілігі қаралды.
|
Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің қаралу барысы туралы ақпарат
1 960 (1 032 жеке, 928 заңды тұлғадан) өтініш келіп түсті.
2020 жылмен салыстырғанда өтініштер санының 7%-ға немесе
59 өтінішке көбейгені байқалады (Анықтама үшін: 2020 ж. сәйкес кезеңінде –
1 725).
Соның ішінде 535 өтініш, 166 шағым, 52 сұраныс, 3 үн қосу және 145 ұсыныс.
Түскен өтініштер санынан толық қанағаттандырылғаны 57, заң талаптарына сәйкес түсіндірме берілді 347, іске жабылды 2, қарау үшін жолданды 460, қарауда 35 өтініш.
Мерзімі бұзылып орындалған өтініштер болмады.
ТОП – 4 ең маңызды мәселелер:
Жалпы келесідей мәселелер бойынша өтініштер көптеп келіп түсті:
Тұрғын үй беру 80 (Орал қаласы тұрғындары - 52, аудандар - 28);
Кәсіпкерлік - 138;
Әлеуметтік - 55;
Мемлекеттік және құқық қорғау, соның ішінде лауазымды адамдардың әрекеттері мен әрекетсіздігі - 173;
Еңбек қатынастары - 124;
(өзге салалар бойынша 26 өтініштен төмен).
Өтініштердің басым бөлігі Орал қаласы (1 102), Сырым (90), Бәйтерек (52), Теректі (28), Ақжайық (22), Бөрлі (31), Қаратөбе (6), Тасқала (9), Казталов (13) және Шыңғырлау (4), Бөкейордасы (1) аудандары тұрғындарынан келіп түскен Жәнібек (3) ауданынан өтініш келіп түспеген).
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен және Премьер-Министрі Кеңсесінен қарау және жауап беру үшін жолдаған өтініштер
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінен 67 өтініш келіп түсті.
Ал 2020 жылдың сәйкес кезеңінде 82 өтініш келіп түскен, 15 өтінішке азайған.
Заңға сәйкес түсіндірме берілді- 57, қарау үшін жолданды - 1, қысқартылды – 1 және қаралуда - 8.
Оның ішінде Қазақстан Республикасы Президентінің Виртуалды қабылдау бөлмесінің желісі арқылы 10 өтініш түсіп, заң талаптарына сәйкес жауап берілді.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінен 22 өтініш келіп түсті. Ал 2020 жылдың сәйкес кезеңінде 20 өтініш келіп түскен, 2 өтінішке азайған.
Қанағаттандырылды – 6, қарау үшін жолданды - 1, заңға сәйкес түсіндірме берілгені – 13 және қаралуда - 2.
Азаматтарды қабылдау бойынша
Мемлекеттік органдардың ашықтылығын көрсететін құралдың бірі азаматтарды жеке қабылдау болып табылады.
Облыс әкімі (61), облыс әкімінің бірінші орынбасары (17) және орынбасарлары мен аппарат басшысы (52) 130 азаматты жеке қабылдады (2020 ж. сәйкес кезеңінде – 238).
Түскен өтініштер санынан заңға сәйкес түсіндірме берілгені – 68, қаңағаттандырылғаны - 8, ал қалған 54 азаматтың мәселелері бойынша құзыретті мекемелерге қарау үшін жолданды, олар өз кезегінде заң талаптарына сәйкес жауап берді.
Қабылдауда болған азаматтардың ең көбі Орал қаласының тұрғындары (81).
Қайталама келіп түскен өтініштер бойынша
59 қайталама шағым келіп түсті.
3 – еуі қаңағаттандырылды, 1-еуі бас тартылды, 54 өтінішке заңға сәйкес түсіндірме берілді, 1-еуі қысқартылды. 2020 жылдың сәйкес кезеңінде 80, 21 өтінішке азайған.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің блог-платформасына келіп түскен өтініштер бойынша
234 өтініш келіп түсті. Қаңағаттандырылды - 39, заңға сәйкес түсіндірме берілді - 188, қысқартылды – 3 және қаралуда - 4.
Ал, 2015 жылдан бастап 2 466 өтініш түсті.
Бұл ретте, 155 азамат алған жауаптарына баға бергені, ал 2 311-і бойынша баға бермегені анықталды. Оның ішінде қаңағаттандырылды – 110, қаңағаттанарлық – 45.
Облыс әкімінің блог-платформасына келіп түсетін өтініштер, басшылықтың және өтініштер бөлімінің күнделікті бақылауында тұр.
Сондай-ақ, аппаратта азаматтардың өтініштері тікелей облыс әкімімен қаралады, құзыреттілігіне қарай облыс әкімінің орынбасарлары мен аппарат басшысына тапсырмалар беріледі.
Барлық келіп түскен өтініштер бақылауға алынады, орындаушылар бақылауда тұрған өтініштер туралы ақпаратты бағдаршам арқылы біле алады, сондай-ақ облыс әкімі аппараты басшысының орынбасарымен және өтініштер бөлімінің қызметкерлерімен күнделікті ескертіледі.
Қазақстан Республикасының Әкімшілік рәсімдік –процестік кодексі шеңберінде жұмыс жүргізудің жаңа форматына көшу барысы және
Қазақстан Республикасы Президент Әкімшілігі Басшысының берген тапсырмаларының орындалуы жөнінде
Сонымен бірге дербес бөлімдер баламалы жолмен іске асыратын, жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет түрін көрсетуге арналған «Бір терезе» қағидаты негізінде облыстың барлық 12 ауданында, Орал қаласында және Орал қаласының Зашаған, Деркөл ауылдық округтерінде «Ашық әкімдік» алаңы ашылды.
Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды жетілдіру жұмысы одан әрі жалғасатын болады.