Өнеркәсіп. Өнеркәсіп өнімі 1822,6 млрд. теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі 103,7% құрады, оның ішінде:
- тау-кен саласында-1552,0 млрд. теңге, 104,8%;
- өңдеу саласында-205,8 млрд. теңге, 95,5%;
- электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау саласында-56,8 млрд. теңге, 94,5%;
- сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуынбақылау саласында– 7,9 млрд.теңге, 109,0%.
Газ өндіру көлемі 20917,6 млн. текше метрді құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 6,8% - ке артық, газ конденсаты – 12362,2 мың тонна немесе 6,9% - ке артық.
Химиялық өнеркәсіп өнімдерін өндіру көлемі 2845,5 млн. теңгені құрайды, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 1,7 есеге көп.
Өзге де металл емес минералды өнімдер өндірісінің көлемі 0,2%-ке көбейіп, 14126,5млн.теңгені құрады. Құрылыс мақсатына арналған бетоннан жасалған құрылыстық мақсаттағы бұйымдар өндірісі 0,9%-ке көбейді.
Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру көлемі 20734,3 млн. теңгені құрайды, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 4,8% - ке аз.
Дайын металл бұйымдарын өндіру көлемі 12762,1 млн. теңгені құрайды, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 12,0% - ке аз.Құрама құрылыс металл конструкциялары 46,2%-ке, диірмендерге арналған, құйылған ұнтақтағыш шарлар мен ұқсас бұйымдарөндірісі 5,7%-ке азайды.
Машина жасауда 43453,6 млн. теңгенің өнімі өндірілді,бұл 3,6% - кеаз.
Металлургия өнеркәсібі өндірісінің көлемі 17365,8 млн. теңгені құрайды, бұл 24,7% - кеаз. Болаттан жасалған түрлі диаметрдегі құбырлар, іші қуыс жіксіз профильдер 23,1%-ке, легірленбеген болаттан жасалған қырланған табақтар өндірісі – 35,6%-ке азайды.
Азық-түлік өнімдері 78823,0 млн.теңгеге өндірілді, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 2,1% - кеазайды.
Жаңа піскен нан 0,9% – ке, дәнді дақылдардан жасалған ұн – 6,0%-ке, макарон, кеспе, кускус және ұн өнімдері32,0%-ке артты.
Қалбырдағы ет 0,2%-ке, шұжық және ұқсас өнімдер – 0,9%, басқа тәсілмен дайындалған немесе консервіленген балық – 2,4%-ке,еті мен тағамдық қосымша – 6,7%-ке, ірімшік және сүзбе – 16,3% - ке, өңделген сұйық сүт және кілегей-21,8% - ке азайды.
2020 жылы Индустрияландыру картасы шеңберінде 148 жұмыс орын құрылумен 4,9 млрд. теңгеге 4 жоба іске қосылды, соның ішінде:
«Орал трансформатор зауыты» ЖШС - қуаты 35-500 кВ трансформаторға арналған панельді радиатор өндірісі ". Құны – 3,9 млрд.теңге. Жұмыс орны – 115;
«Кублей» ЖШС – теріні қайта өңдейтін цех. Құны – 544,0 млн.теңге. Жұмыс орны – 20.
«Орал құс фабрикасы" ЖШС - құс фабрикасын кеңейту. Құны – 375,0 млн.теңге. Жұмыс орны – 6.
«Intelligent Provective System» ЖШС - жеке газталдауыштарды өндіру. Құны – 85 млн.теңге. Жұмыс орны – 7;
Инвестициялар. Негізгі капиталға инвестициялар 467,5 млрд. теңге құрады, бұл 2019 жылдың тиісті деңгейінен 21,6%-ке аз.
Республикалық бюджет есебінен инвестиция 28,0 млрд.тенгені құрады, бұл 1,6%-ке аз.
Жергілікті бюджет қаражаты есебінен инвестициялар 62,5 млрд. теңге құрады, бұл 2,8 есеге көп.
Кәсіпорындардың өз қаражаттары үлесіне шетелдік кәсіпорындар қаражатын қоса, жалпы көлемнің 75,8% тиесілі немесе 354,3 млрд. теңге, бұл 33,1% аз.
Банктердің кредиттері есебінен инвестициялар 6,6 млрд. теңге (2019 жылдың тиісті кезең деңгейінен 47,9%-ке аз), қарыздар есебінен – 16,2 млн. теңге құрады (5,1 есеге көп).
529,1 мың шаршы метртұрғын үй іске қосылды немесе 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 9,1%-ке көп.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 176,4 млрд.теңгені құрады, бұл 2019 жылғы сәйкес деңгейден 0,3% - ке артық.
Көлік.2020 жылғы қаңтар-желтоқсанда41,3 млн.тонна жүк және 143,3 млн. жолаушы тасымалданды немесе 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне тиісінше 103,3% және 33,4%.
Ауыл шаруашылығы.Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 200,3млрд. теңгені немесе 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне 96,8% құрады.
Өндірілген ет (тірі салмақта) 99,5 мың тонна немесе 2019 жылғы қаңтар-желтоқсан деңгейіне 102,7%, сүт – 236,9 мың тонна (100,2%), жұмыртқа – 188,9мың.дана (104,1%).
2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2019 жылдың тиісті күнімен салыстырғанда шаруашылықтың барлық санаттарында ІҚМ басы 10,0% - ке (оның ішінде сиыр – 11,5% – ке), жылқы-15,7% - ке, қой – 4,9%-ке, ешкі – 6,2% - ке, түйе – 6,5% -кеартты.
Тауар айналымы. Бөлшек тауар айналымының көлемі 390,4млрд. теңге, 2019 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 98,7% құрады.
Бағалар. Инфляцияның жалпы деңгейі 107,2% құрады (республикалық көрсеткіш – 107,5%).
Нан 5,9%-ке, балық және теңіз өнімдері – 7,1%-ке, ет – 7,3%-ке, сүт өнімдері – 7,7%-ке,бөлке және ұннан жасалған кондитерлік өнімдер – 7,9%-ке,кондитерлік өнімдер – 8,4%-ке,макарон өнімдері – 10,1%-ке,темекі өнімдері – 12,1%-ке,алкогольсіз сусындар – 13,0%-ке,ұн –13,2%-ке,шәй- 15,4%-ке,жемістер мен көкөністер – 16%-ке, май мен тоң май - 20,3%-ке, жұмыртқа -22%-ке, жарма –35,6%-ке, қант – 36,4%-ке қымбаттады. Құс еті 3,8%-ке қымбаттады.
Азық-түлік емес тауарларға баға индексі 105,2% құрады. Киім мен аяқ киім 5,9%-ке, кеңсе тауарлары және сызу керек жарақтары – 6,1%-ке, фармацевтикалық өнімдер мен көліктер – 7,0%-ке, басқада құралдар, құрылғылар мен жеке қолданатын тауарлар – 7,1%-ке,тұрмыстық құрылғылар – 7,2%-ке,жуғыш және тазалағыш құралдар – 7,7%-ке, кілемдер және еденге төсейтін жабындылар, құрылыс материалдары – 9,1%-ке қымбаттады. Бензин 1,1%-ке қымбаттады, дизель отыны 11%-ке арзандады.
Ақылы қызметтердің тарифтері мен бағалары 104,0% құрады. Салқын суға тариф 0,6%-ке, ыстық су және орталық жылу – 0,9%-ке, электроэнергия – 14,2%-ке, қоқыс шуғару – 48,2%-ке қымбаттады. Демалыс және мәдениет қызметтері 1,6%-ке, амбулаториялық қызметтер - 3,2%-ке,қоғамдық жерде тамақтану – 5,3%-ке,білім беру – 5,8%-ке,аяқ киім жөндеу – 7,9%-ке,құқықтық және сақтандыру қызметтері - 10%-ке, тұрғын үйді нақты жалдау ақысы – 10,5%-ке қымбаттады. Жолаушылардың әуе көлігі қызметі – 18%-ке арзандады.
Шағын және орта кәсіпкерлік. 2021 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлік саласында жұмыс істейтін субъектілерінің саны 43,0 мың бірлікті құрады, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейінен 0,6%-ке көп.
2020 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша шағын және орта кәсіпкерлікте жұмыс істейтіндер саны 108,3 мың адамды құрады немесе 2019 жылдың 1 қазан деңгейінен 8,4% ке аз.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйекте шағын және орта кәсіпкерліктің субъектілерімен 882,8 млрд. теңгеге тауар (жұмыс және қызмет) өндірілді, бұл 2019 жылғы тиісті кезең деңгейіне 69,9%.
2020 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бағдарламасы шеңберінде шағын және орта кәсіпкерлікті қолдауға 2866,4 млрд. теңге бөлінді, соның ішінде кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға – 1132,6 млн. теңге, жартылай кепілдендіруге – 476,2 млн. теңге, жеке кәсіпкерлікті қолдау – 247,0 млн.тенге, жаңа бизнес идеяларды іске асыруға жас кәсіпкерлерге мемлекеттік гранттар – 89,0 млн.теңге, индустриалдық инфрақұрылымды дамыту – 921,6 млн.теңге.
Құзіретті органның шешімімен «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында сомасы 14,1 млрд. теңгеге 212 жоба мақұлданды.
Сонымен қатар, Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың бағдарламасы шеңберінде кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесуге 5,6 млрд.теңге бөлінді.
Қаржы. 2020 жылғы қаңтар- желтоқсан айында мемлекеттік бюджетке 638,9 млрд. теңге жиналды (болжамға 99,9%), ол 2019 жылдың қаңтар- желтоқсан айымен салыстырғанда 72,2%- ға көп.
Республикалық бюджетке түсімдер 529,6 млрд. теңгені құрады (болжамға 97,9%), 2019 жылдың тиісті кезеңіне қарағанда 89,2%-ға көп.
Жергілікті бюджетке 109,3 млрд. теңге түсті (болжамға 110,8%), өткен жылмен салыстырғанда 20,1%-ға көп.
Өтелмеген салықтар (өткен жылдар есебімен) 2020 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда 320,5 млн. теңгеге азайды және 1683,8 млн. теңгені құрады, оның ішінде республикалық бюджет бойынша 697,2 млн. теңге (604,6 млн. теңгеге аз), жергілікті – 986,6 млн. теңге (284,1 млн. теңгеге көп).
Еңбек нарығы.2021 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту қызметінде 13632 адам есепте тұр, экономикалық тұрғыдағы белсенді халыққа тіркелген жұмыссыздар үлесі 4% құрады.
2021 жылдың 1 қаңтарына 19913 жұмыс орны құрылды, оның ішінде: ауыл, орман және балық шаруашылығында – 3602, өнеркәсіпте – 122,құрылыста – 935, көлік және қоймалауда – 162, көтерме және бөлшек сауда, авто және мотоцикл жөндеу – 523,білім беру – 1068, денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер – 373, экономикалық кызметтің басқа түрлері салаларында – 4561, уақытша және маусымдық жұмыстарда – 8567. Жалпы құрылған жұмыс орындарының 13035(65,5 %) – ауылдық жерде.
2021 жылдың 1 қаңтарына жұмысқа орналасқаны 24549 адам.
Ақылы қоғамдық жұмыстарға8418 адам жіберілді.
Техникалық және кәсіптік білім, орта білімен кейінгі және жоғары білім беру ұйымдарын бітірушілерді жұмыспен қамту мақсатында жастар тәжірибесіне 1870 адам жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 836 адам орналастырылды.
2020 жылғы қаңтар-қыркүйектеорташа айлық еңбекақы190416 теңгені құрады, бұл 2019 жылдың тиісті кезеңінен 7,2%-ке көп.
Білім беру. Облыстың білім беру желісі 376 (110588) күндізгі жалпы білім беретін мектептерден, 3 кешкі мектептерден (242 оқушы), 3 арнайы түзету мекемеден (538 оқушы), 3 жеке мектептерден (262 оқушы), 34 колледжден (16953 оқушы), 50 қосымша білім беру ұйымдарынан (61213 оқушы) құрады.
Облыста 287 балабақша және 228 шағын орталық жұмыс істейді. Мектепке дейінгі жастағы балалардың жалпы санын қамтитын 76,2%, 1-ден 6 жасқа дейінгі балалар, 100% 3-тен 6 жасқа дейінгі балалар құрайды.
50 мектептен тыс мекемелер қосымша білім алу мүмкіндігін жасап отыр, оқушылардың қамтылу саны 61,2 мың, бұл облыс мектептері оқушыларының жалпы санының 55,2% құрайды.
3 ПДПК (психологиялық-дәрігерлік-педагогикалық кеңес беру), 12 педагогикалық-психологиялық түзеу кабинеттері қызмет көрсетеді.
Бүгінгі таңда 121 отбасында 155 бала патронаттық тәрбие алуда.
Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының саны 17,0 мың адам оқитын 34 бірлік құрайды, соның ішінде 24 мемлекеттік, 10 мемлекеттік емес колледждер.
Білім беру саласының 2020 жылғы бюджеті 105,4 млрд. теңгені құрады.
Жалпы білім беретін мектептерде мультимедиялық кабинеттердің компьютерлерін қоса есептегенде, 15977 компьютер бар немесе бір компьютерге 5 оқушыдан келеді.
Денсаулық сақтау. Облыстың мемлекеттік медициналық ұйымдарының желісі 2021 жылдың 1 қаңтарына 38 заңды объектіні құрайды.
Облыста 1774 дәрігер және 6542 орта медицина қызметкерлері жұмыс істейді (ДСӘДМ жүйесі).
3478 бюджеттік төсек жұмыс істейді.
2020 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2019 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда туберкулезбен ауру–6,1%-ке, туберкулезден өлім-жітім (100 мың тұрғынға)-4,2%-ке азайды. 3 ана өлімі тіркелді.
Денсаулық сақтау саласының бюджеті 2020 жылы 7,1 млрд.теңгені құрады.
Мәдениет және спорт. Мәдениет ұйымдарының саны 698 нысанды құрайды, соның ішінде 364 кітапхана, 263 қалалық, аудандық, ауылдық мәдениет үйлері мен клубтар, 5 автоклуб, 24 киноқондырғы, 24 музей (соның ішінде 2-і мемлекеттік емес), 1 көрме залы, 3 мәдениет және демалыс саябағы, 6 кинотеатр (соның ішінде 3-і мемлекеттік емес), облыстық тарихи-мәдени мұраларын қорғау Инспекциясы, тарих және археология Орталығы, облыстық халық шығармашылығы Орталығы, жастар шығармашылығы Орталығы, Қадыр Мырза Әлі атындағы мәдениет және өнер Орталығы, облыстық Қазақ драма театры, А.Н.Островский атындағы драма театры, Ғарифолла Құрманғалиев атындағы облыстық филармония, камералық оркестр сынды кәсіби өнер ұжымдары.
Мәдениет саласының 2020 жылғы бюджеті 9,8 млрд. теңгені құрады.
Облыс бойынша спорттық құрылыстардың саны 1699 бірлікті құрайды, оның ішінде 3 стадион, 1 спорт сарайы, 6 жүзу бассейні, 21 спорт кешені, 298 спорт залы, 2 спорттық манеж, 6 шаңғы базасы, 2 есу базасы, 95 ату тирі, 1092 жазықтық ғимарат, 151 бейімделген спорт залы, 15 теннис корты, 7 хоккей корты.
Облыста 23 балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Олимпиада резервтерін даярлау орталығы, облыстық жоғары шеберлік спорт мектебі, спортта дарынды балаларға арналған мамандандырылған облыстық мектеп-интернаты, 10 спорт клубы, соның ішінде 2 кәсіби клубы («Ақжайық» спорт клубы АҚ, «Ақжайық» футбол клубы АҚ, «Жайық» волейбол клубы МКҚК) жұмыс істейді.
Дене шынықтыру және спорт саласының 2020 жылғы бюджеті 5,5 млрд. теңгені құрады.