Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі республикалық үшжақты комиссия (РҮК) отырысының хаттамасы

 

 

Нұр-Сұлтан қ.                      №                                  2021 жылғы 12 наурыз

 

Төрағалық еткен:    Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Е.Л.Тоғжанов

 

Қатысқандар:    РҮК мүшелері және шақырылғандар

(тізім бойынша)

  

  1. Әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдын алу және оларды шешу бойынша қабылданатын шаралар туралы (еңбек тәуекелдерінің картасы, жалақы бойынша берешек, жұмыскерлердің босатылуы)

_____________________________________________________________

(Тоғжанов,Шәпкенов, Айдарбеков, Бекбергенов, Кожахметов, Ержанов, Пригорь)

 

  1. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Ж.Шәпкеновтің, Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары С.К.Айдарбековтің, Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары С.Ш.Бекбергеновтің, Қаржы вице-министрі
    Б.Д.Қожахметовтің, Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі А.Қ.Ержановтың және «Аманат «ҚКД» РКБ төрағасы А.И. Пригорьдың әлеуметтік-еңбек жанжалдарының алдыналу және оларды шешу бойынша қабылданып жатқан шаралар (еңбек тәуекелдерінің картасы, жалақы бойынша берешек, жұмыскерлерді босату) туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп:

1) штаттарды оңтайландыру, еңбекке ақы төлеу тәртібі мен шарттарын өзгерту жөнінде жұмыс берушілер іске асыратын шараларға тұрақты талдау жасауды ұйымдастырсын;

2) Ахуал орталығы шеңберінде:

- жұмыскерлердің жұмыспен қамтылуын қамтамасыз ету бойынша жедел шаралар қабылдай отырып, олардың босатылуын мониторингтеуді қамтамасыз етсін;

- жалақы бойынша берешекті өтеу жөнінде пәрменді шаралар қолдансын;

- жұмыс берушілердің қазақстандық және шетелдік жұмыскерлердің еңбекақысы мен тең жағдайларын қамтамасыз етуіне және сақтауына тұрақты бақылауды қамтамасыз етсін;

- өңірлердегі жағдайға мониторинг жүргізу, әлеуметтік шиеленіске жол бермеу жұмыстарын жалғастырсын.

  1. Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Энергетика, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, Білім және ғылым, Денсаулық сақтау, Ауыл шаруашылығы министрліктері бір апталық мерзімде :

1) жалақыны арттыруды, ең төменгі тарифтік мөлшерлемелердің орташа жалақыға арақатынасын және оны индекстеуді қамтитын сала бойынша еңбекке ақы төлеудің бірыңғай стандарттарын енгізу жөніндегі мәселені пысықтасын;

2) еңбек қатынастарын реттеудегі әлеуметтік әріптестік жөніндегі салалық үшжақты комиссиялардың жұмысын жандандырсын;

3) жұмыс орындарының босатылуын болжайтын саланың ірі кәсіпорындарындағы жағдайды талдасын және оларды басқа бар мамандықтарға қайта оқыту мүмкіндігін қамтамасыз етсін және оларды одан әрі жұмысқа орналастыруды қамтамасыз етсін.

  1. Ішкі істер министрлігі облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерімен бірлесіп, азаматтардың еңбек мәселелері жөніндегі акцияларына қоғамдық тәртіпті сақтау тұрғысынан талдау жүргізсін.
  2. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктерібір апталық мерзімде ЕңбекминінеРеспубликалық жедел штабтыңағымдағы жылғы 19 ақпандағы отырысының және ағымдағы жылғы 22 ақпандағы Үкімет жанындағы кеңестің хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы ақпарат берсін;
  3. Қаржы министрлігі облыстардың,Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдерімен бірлесіп:

1) конкурстық басқарушылардың банкрот және оңалтудағы кәсіпорындардағы берешекті өтеу жөніндегі жұмысына бақылауды күшейтіп, олардың нәтижелерін РҮК-нің келесі отырысында қарасын;

2) әлеуметтік төлемдер (МЗЖ, ӘА, МӘМС) бойынша берешекті өтеу жөнінде пәрменді шаралар қабылдасын.  

  1. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері:

1) әлеуметтік әріптестік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі аудандық үшжақты комиссиялардың жұмысын жандандырсын;

2) Еңбекминіне мәліметтерді күн сайын ұсына отырып, өңірдегі ахуалды болжау және бағалау жөніндегі мониторинг топтарының жедел жұмысын жалғастырсын;

3) бір апталық мерзімде  өңірдің әрбір кәсіпорны бойынша шешілмеген және проблемалық мәселелерді шешу үшін шаралар әзірлей отырып, оларды диагностикалау үшін талдау жүргізсін;

4) туындайтын еңбек мәселелерін шешуге уәкілетті мемлекеттік органдар мен кәсіподақтарды тарта отырып, шетелдің қатысуы бар кәсіпорындардағы ахуалға тұрақты мониторинг жүргізсін;

5) Еңбекминініңақпараттық жүйелері негізінде орындалуын анықтау үшін қарыздық еңбекті пайдаланатын және жұмыс орындарын сақтау жөніндегі меморандумдарға қол қойған кәсіпорындардың бизнес сәйкестендіру нөмірлерін (БСН) айқындасын және Еңбекминіне ұсынсын;

6) мұнара крандарын пайдаланатын құрылыс кәсіпорындары бойынша талдау жүргізсін және мұнара крандарының машинистерімен еңбек шарттарын жасасу жөнінде шаралар қабылдасын;

7) елдің кәсіпорындарында жалақысы төмен жұмыскерлердің жалақысын арттыру жұмыстарын жүргізсін.

  1. Атырау облысының әкімдігі «ТШО» ЖШС-мен(келісім бойынша) бірлесіпбір апталық мерзімде Еңбекминінеодан әрі қайта оқыту және жұмысқа орналастыру жөнінде шаралар қабылдау үшін әрбір мердігер компания, өңір және мамандық бойынша босатылатын жұмыскерлер жөнінде мәліметтер берсін.

 

  1. Реттелетін кәсіптер тізбесін қарау және бекіту туралы _____________________________________________________________

(Тоғжанов,Шәпкенов,Дәуленов)

 

  1. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С.Ж. Шәпкенов пен Білім және ғылым вице-министрі М.С. Дәуленовтің реттелетін кәсіптердің тізбесін қарау және бекіту туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. Реттелетін кәсіптердің тізбесі мақұлдансын және бекітілсін.

 

  1. Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімге қол қою туралы

_____________________________________________________________

(Тоғжанов,Шәпкенов, Дәулеталин, Машкенов, Байкенов, Мұқанов)

 

  1. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі С. Ж. Шәпкеновтің, Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы С. Т. Дәулеталиннің, Қазақстан еңбек конфедерациясының Бас хатшысы М. Р. Машкеновтің, ҚР Жұмыс берушілердің (кәсіпкерлердің) ұлттық конфедерациясының Президенті Қ.К. Байкеновтің, тау-кен өндіру және тау-кен-металлургия кәсіпорындарының республикалық қауымдастығы атқарушы директорының бірінші орынбасарының Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмысберушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісімге(бұдан әрі – Бас келісім)қол қою туралы ақпараты назарға алынсын.
  2. Қазақстан Республикасының Үкіметі, жұмыскерлердің республикалық бірлестіктері мен жұмыс берушілердің республикалық бірлестіктері арасындағы 2021-2023 жылдарға арналған Бас келісім мақұлдансын және оған қол қойылсын.
  3. Әлеуметтік әріптестік тараптары республикалық деңгейде Бас келісім ережелерінің орындалуын қамтамасыз етсін.
  4. Орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктеріжұмыс берушілердің салалық бірлестіктерімен және кәсіподақтардың салалық бірлестіктерімен бірге салалық және өңірлік келісімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізсін немесе Бас келісімге сәйкес жаңаларын жасассын;
  5. Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері жұмыс берушілердің аумақтық бірлестіктерімен және кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерімен бірге Бас келісімнің ережелеріне сәйкес өңірлерде, республиканың кәсіпорындары мен ұжымдарында ақпараттық-түсіндіру жұмысын күшейтсін және тұрақты жүргізсін.
  6. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ішкі істер, Қаржы, Энергетика, индустрия және инфрақұрылымдық даму министрліктерімен, жұмыс берушілер мен кәсіподақтардың республикалық бірлестіктерімен (келісу бойынша) бірлесіп, 2021 жылғы 30 сәуірге дейінгі мерзімде Үкіметке осы Хаттама тапсырмаларының орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
  7. Осы хаттаманың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Әлеуметтік-мәдени даму бөліміне жүктелсін.

 

 

РҮК төрағасы,

ҚазақстанРеспубликасы

Премьер-Министрініңіңорынбасары           Е. Тоғжанов

Дата публикации
17 июня 2021
Дата обновления
17 июня 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы