I бөлім. Жалпы ережелер
1.Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен кәсіптік одақтардың облыстық бірлестіктері (қауымдастықтарының, одақтарының) өкілетті өкілдері (бұдан әрі – Тараптар), Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңнамасына сәйкес әрекет ете отырып:
Қазақстан Республикасының заңнамасын мүлтіксіз сақтау;
мемлекеттің, жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің әлеуметтік жауапкершілігі, өзара құрмет, сенім және олардың мүдделерін ымыраға келтіруге барынша қол жеткізу;
әлеуметтік әріптестік, оның ішінде еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды ұжымдық-шарттық реттеу;
жұмыс берушілер мен жұмыскерлердің лайықты еңбек жағдайларын қамтамасыз ету және әлеуметтік-экономикалық мүдделерін қорғау, еңбек ұжымдарында келісім мен тұрақтылықты сақтау үшін сындарлы өзара әрекет ету қағидаттарын тани отырып,
осы Батыс Қазақстан облысының әкімдігі, жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) мен кәсіптік одақтардың облыстық бірлестіктері (қауымдастықтары, одақтары) арасындағы 2021 – 2023 жылдарға арналған Облыстық келісімді (бұдан әрі – Келісім) мынадай:
1) әлеуметтік әріптестік;
2) экономикалық саясат;
3) халықты жұмыспен қамтамасыз ету;
4) лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақы төлеу;
5) әлеуметтік саясат;
6) Келісімді іске асыру және оның орындалуын бақылау бағыты шеңберінде жасасты.
II бөлім. Әлеуметтік әріптестік
Тараптар әлеуметтік әріптестікті дамыту бойынша міндеттемелерді қабылдады, олар мынаған бағытталған:
1) халықтың әл-ауқатын арттыру, қоғамдағы теңсіздікті азайту, экономиканы дамыту және жұмыспен қамтуды қолдау, азаматтық қоғамды қалыптастыру және Тараптардың мүдделерін қозғайтын басқа да мәселелер бойынша міндеттерді шешу үшін әлеуметтік әріптестікті қолдану саласын кеңейтуді көздейтін «Әлеуметтік әріптестік туралы» Заңды әзірлеу арқылы әлеуметтік әріптестік институтын реформалау мәселелерін қарау;
2) кәсіптік одақтар бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) өз мүшелерінің еңбек және әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен мүдделерін білдіру және қорғау бойынша рөлін арттыру;
3) кәсіптік одақтар бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) және жұмыс берушілер бірлестіктерінің (қауымдастықтарының, одақтарының) қызметіне араласпау, оларды құруға және жұмыс істеуіне кедергі болмау туралы заңнамалық және жалпыға бірдей танылған халықаралық нормалар мен қағидаларды сақтау;
4) Әлеуметтік әріптестік және әлеуметтік пен еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық үшжақты комиссияны (бұдан әрі – облыстық үшжақты комиссия) жаңғырту;
5) Облыстық үшжақты комиссияның отырыстарында Тараптардың консультациялары мен келіссөздерін тұрақты өткізу, сондай-ақ еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелері бойынша оның шешімдерін толық, уақтылы және сапалы орындау;
6) Тараптардың әлеуметтік-еңбек қатынастары саласындағы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысуын қамтамасыз ету;
7) еңбек қатынастарын және еңбек қатынастарымен тікелей байланысты өзге де қатынастарды, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық қатынастарды реттеу мәселелерін қарау кезінде Тараптар өкілдерінің Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің отырыстарына қатысуы;
8) Халықаралық еңбек ұйымының конвенциялары мен ұсынымдарына сәйкес Тараптардың (жұмыс берушілер мен жұмыскерлер өкілдерінің) жұмыскерлердің әл-ауқатына және еңбек өнімділігін арттыруға ықпал ететін мәселелерді бірлесіп қарау құқығын көздейтін екіжақты әлеуметтік әріптестік институтын дамыту;
9) ұжымдық еңбек даулары мен жанжалдарын реттеу, оларды шешудің қолданыстағы тәртібін жетілдірубойынша ұсыныс дайындау, сондай-ақ облыстағыұйымдардағы әлеуметтік-еңбек қатынастарын ұжымдық-шарттық реттеу практикасын дамыту;
10) жұмыскерлер мен жұмыс берушілер үшін еңбек заңнамасының негіздерін түсіндіру, келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек жанжалдарында консенсусқа қол жеткізу бойынша бірлескен семинарлар мен тренингтер өткізу;
11) Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің әлеуметтік-еңбек қатынастары туралы ұлттық баяндаманы бірлесіп дайындау;
12) салалық және өңірлік келісімдер жасасу, оларды кейіннен орындау тәжірибесіне мониторинг жүргізу және қорытындылау, сондай-ақ ұжымдық шарттар негізінде әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттеу үшін бақылауды жүзеге асыру.
III бөлім. Экономикалық саясат
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі:
1) экономикалық белсенділікті қолдауға және 2023 жылы мынадай көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған контрциклдық макроэкономикалық саясатты жүргізу:
ЖІӨ өсімі – 103,7 % (орта есеппен үш жылда);
ЖІӨ-дегі негізгі капиталға инвестициялар үлесі –23,5%;
инфляцияның нысаналы дәлізі – 4-5 %;
тікелей шетелдік инвестициялар көлемі – 25 млрд. АҚШ долл.;
шикізаттық емес экспорт көлемі –34,6 млрд. АҚШ долл.;
еңбек өнімділігінің 10,4%-ға өсуі (2019 жылға қарай);
ЖІӨ-дегі шағын және орта бизнестің үлесі – 32,5%;
мемлекеттің экономикадағы үлесі – 14,4%.
2) салықтық-бюджет саясатын отандық кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және импортты алмастыруды ынталандыруға бағыттау;
3) міндетті әлеуметтік сақтандыру шеңберінде заңнамада көзделмеген мақсаттарға қорлар қаражатын алып қоюға жол бермеу жолымен Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету;
4) мыналар:
мемлекеттік қолдау бағдарламалары мен шараларының атаулылығын кеңейту және арттыру;
экономикалық қолжетімді банктік кредит беру көлемін ұлғайтуарқылы бизнес үшін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру бойынша шаралар қабылдау;
5) мемлекеттің үлесі мен қатысу деңгейінің аражігін нақты ажырата отырып, «шешімдер топтамасы» шаралар кешенін айқындау жолымен ішкі және/немесе сыртқы нарықтарда қатысуын ұлғайтуға қабілетті кәсіпорындарды ынталандыруды қамтамасыз ету;
6) бизнестің банктік кредиттеуге тәуелділігін төмендету үшін микрокредит беруді, факторингті,қор нарығының мүмкіндіктерін кеңейту арқылы банктік кредиттеуге баламаларды дамытуды қамтамасыз ету;
7) бизнесті жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасау жөніндегі жұмысты жалғастыру, оның ішінде:
«Бизнеске арналған үкімет» қызметтер көрсетудің бірыңғай кеңсесі қағидаты бойынша мемлекет пен бизнестің өзара іс-қимылының жаңа форматын кеңейту;
бизнес құру рәсімдерін оңайлату және әкімшілік кедергілерді қысқарту;
мемлекеттік реттеуді, оның ішінде салықтық әкімшілендіруді оңтайландыру және жұмсарту, нарыққа кіру және бизнесті жүргізу процестері бойынша кедергілерді азайту;
инфрақұрылымның қолжетімділігі мен сапасын арттыру;
мемлекеттік сатып алуға, квазимемлекеттік секторды сатып алуға және жер қойнауын пайдаланушылардың реттелетін сатып алуына қатысу бойынша отандық бизнес үшін қолжетімділікті кеңейту;
мемлекеттік-жеке меншік әріптестік құралдарын, оның ішінде фискалдық ынталандырулар, жеңілдіктер мен преференциялар арқылы кеңейту;
инвестициялық заңнаманың тұрақтылығын қамтамасыз ету;
мемлекеттің экономикаға тікелей қатысуын азайту;
ЭЫДҰ елдерінің озық практикасын қолдана отырып, квазимемлекеттік сектор мен жеке бизнес арасында бәсекелестік ортаны қалыптастыру;
«жасанды монополияларды бұзу» қағидаты бойынша заңнаманы жетілдіру, монополияларға көрсетілетін мемлекеттік қолдауды қысқарту, сондай-ақ баға белгілеудің және монополиялар қызметтері мен тауарларын жеткізу тізбектерінің ашықтығын қамтамасыз ету;
көлеңкелі экономиканың үлесін төмендету бойынша ынталандыру шараларын қолдану;
кәсіпорындарды жасанды банкроттыққа және рейдерлік басып алуға жол бермейтін заңнама нормаларын күшейту.
Тараптар бірлесіп:
1) салықтық әкімшілендіруді жеңілдету жөніндегі шараларды пысықтауға;
2) импортты алмастыруды ынталандыруға және отандық тауарлардың бәсекеге қабілеттілігін арттыруға салық-бюджет саясатын дамыту шараларын қабылдауға;
3) нысаналы индикаторларға қол жеткізу негізінде де, әсерді контрфактивтік бағалау негізінде де субсидиялар мен қолдау шараларының тиімділігін мониторингтеу мен бағалау жүйесін дамытуға;
4) мемлекеттік сатып алу жүйесінің, оның ішінде квазимемлекеттік сектордың ашықтығын қамтамасыз етуге;
5) ауыр бұзушылықтар бойынша жауапкершілікті қатаңдата отырып, болмашы құқық бұзушылықтарға «жұмсақ құқық» құралдарын неғұрлым кеңінен қолдануға көше отырып, бәсекелестікті дамыту жөніндегі проактивті мемлекеттік саясатты енгізу жөніндегі жұмысты жалғастыруға;
6) озық практикалар мен ЭЫДҰ стандарттарын имплементациялау жөніндегі, сондай-ақ БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарын ұлттық және жаһандық деңгейлерде іске асыру жөніндегі жұмысты жалғастыруға;
7) салалар мен өңірлерде бәсекелестікті дамыту стандарттарының жүйесін қалыптастыруға;
8) кәсіпорындарда өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін, сапа менеджменті жүйелерін, корпоративтік басқару қағидаттарын және еңбек пен капиталдың өнімділігін арттыратын энергия үнемдеушіозық технологияларды ендіруде жәрдемдесуге уағдаласты.
IV бөлім. Халықты жұмыспен қамтамасыз ету
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі:
1) жаппай кәсіпкерлікті дамыту бойынша жағдай жасайды, оның ішінде:
- «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқыту, оның ішінде онлайн режимде;
- жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға мемлекеттік гранттар беру;
- «Жас кәсіпкер» жастар кәсіпкерлігін дамыту бойынша жағдайлар жасайды;
2) жұмыспен қамтамасыз етуге, жұмыссыздық деңгейінің өсуіне жол бермеуге және қосымша жұмыс орындарын құруға бағытталған Жұмыспен қамтудың 2020 – 2021 жылдарға арналған жол картасын іске асырады;
3) жалдау мен жұмыспен қамтудың жаңа нысандарын дамыту және енгізу бойынша кешенді жұмыс жүргізеді;
4) білім беру жүйесін еңбек нарығының қажеттілігіне және оның даму перспективаларына сәйкес кадрлар даярлауға бағдарлайды;
5) жұмыссыздарды және өзін-өзі жұмыспен қамтығандарды еңбек нарығында сұранысқа ие кәсіптік дағдылар мен құзыреттер алу мүмкіндіктерімен қамтамасыз етеді;
6) әлеуметтік сақтандыру арқылы нәтижелі жұмыспен қамтуды ынталандыратын болады;
7) жұмыс іздеуде қиындық көріп жүрген адамдарды жұмыспен қамтуға ықпал ететін іс-шараларды жүзеге асырады;
8) шетелдік жұмыс күшін тартуды квоталау арқылы ішкі еңбек нарығын қорғайды;
9) жұмыс берушілерге мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жұмыс орындарын құруға жәрдем көрсетеді.
Тиісті қызмет салалары жұмыс берушілерінің облыстық бірлестіктері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету бойынша жұмыс берушілердің құқықтары мен міндеттерін ұжымдық шарттарға және (немесе) салалық, өңірлік келісімдерге енгізу бойынша жұмыстарды жүргізеді;
2) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп, жұмыс берушілерге қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру және жастар практикасын өткізу үшін жұмыс орындарын хабардар етеді және жәрдемдеседі;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс берушілердің мүгедектігі бар адамдар үшін арнайы жұмыс орындарын құруын қамтамасыз етеді;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мүгедектігі бар адамдар үшін жұмыс орындарының стандарттарын сақтай отырып, мүгедек адамдарды жұмысқа орналастыру жөніндегі квотаны орындау бойынша жұмыс берушілердің міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етеді;
5) жұмыс берушілердің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін мамандықтар бөлінісінде бос орындардың болуы туралы мәліметтерді және жұмыс орындарын болжамды құру туралы деректерді еңбек нарығының бірыңғай ақпараттық базасына, оның ішінде «Электрондық еңбек биржасы» мемлекеттік ақпараттық порталы арқылы ұсынуды қамтамасыз етеді;
6) жұмыс берушілердің құрылтайшысы, қатысушысы немесе акционері (ұйым ішінде) болып табылатын заңды тұлғаларға (филиалдарға, өкілдіктерге және (немесе) өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелерге) қысқартылатын жұмыскерлердің ұқсас лауазым, тиісті біліктілік, мамандық немесе кәсіп, орындалатын жұмыстың күрделілігі, саны мен сапасы бойынша бар бос орындарға ауысуын жұмыс берушілерге қамтамасыз етеді;
7) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп, халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен және шарттарда «Бірінші жұмыс орны» жобасы шеңберінде жастарды бірінші жұмыс орнына жұмысқа орналастыруда жұмыс берушілерді хабардар етеді және жәрдемдеседі;
8) кандидаттардың біліктілігі тең болған кезде (жұмыскердің білім деңгейін, білімін, іскерлігін, кәсіптік дағдылары мен жұмыс тәжірибесін ескере отырып) қазақстандық мамандар үшін жұмыс берушілердің жұмысқа орналасуға басым құқық беруі арқылы шетелдік мамандарды біртіндеп қазақстандық мамандармен ауыстыру жөнінде шаралар қолданады және шетелдік мамандарды қазақстандық мамандармен біртіндеп ауыстыру жөнінде шаралар қолданады;
9) жастардың аға буыны жұмыскерлерінің тәжірибесі мен дағдыларын беру үшін тәлімгерлік бойынша жұмысты күшейтеді;
10) халықты жұмыспен қамту орталықтарымен бірлесіп жұмыспен қамтуды мемлекеттік қолдау шаралары шеңберінде жұмыс берушілердің жұмыс орындарын сақтауын қамтамасыз етуге жәрдемдеседі;
11) ұйымдарды қайта құрылымдау процесінде жұмыс берушілердің жұмыскерлерді жаппай босатуына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды.
Кәсіптік одақтардың облыстық бірлестіктері:
1) бұқаралық ақпарат құралдарында жұмысшы кәсіптері мен мамандықтарын танымал етуді жүзеге асырады;
2) жұмыспен қамтудың мемлекеттік бағдарламаларын әзірлеуге қатысады.
Тараптар бірлесіп:
1) XXI ғасырдың жоғары сапалы және талап етілетін дағдыларымен адами капиталды дамыту ел дамуының жаңа бағытының басым міндетіне айналады;
2) жұмыс күшінің еңбек ұтқырлығын қамтамасыз ету, өнімділігі төмен салаларда, экономиканың бейресми секторында жұмыспен қамтылғандарды және жұмыссыздарды қолдауға бағдарлауды сақтау, еңбек нарығының инфрақұрылымын жетілдіру және жұмыспен қамтудың икемді нысандарын ресімдеу арқылы қолда бар еңбек ресурстары өнімділігінің өсуіне жәрдемдесуге;
3) елде халықты жұмыспен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын құру, сондай-ақ 2023 жылға қарай жұмыссыздық деңгейін 4,9%-дан аспайтын деңгейде сақтау жөніндегі жұмысты жүргізуге;
4) елде еңбекке қабілетті жастағы мүгедектігі бар адамдардың жалпы санынан жұмыспен қамтылған мүгедектігі бар адамдардың үлесін 2023 жылға қарай 27% қамтамасыз етуге;
5) еңбек нарығы туралы ақпарат бере отырып, жұмыс күшіне сұраныс пен ұсынысты болжау жүйесін жетілдіру;
6) экономика салаларын білікті кадрлармен қамтамасыз етуге;
7) еңбек ресурстарының сапасы мен әлеуетін арттыруға;
8) жұмыспен қамтудың жаңа құрылымын және жоғары оқу орындарының, техникалық және кәсіптік білім берудің білім сапасын жаңғыртуды ескере отырып, кадрлар даярлау бойынша жүйелі шаралар қабылдауға;
9) мынадай:
Ұлттық біліктілік жүйесін дамыту;
Кәсіби стандарттарды әзірлеу;
Ұлттық біліктілік шеңберін бекіту;
Реттелетін кәсіптер тізбесін әзірлеу, қайта қарау және бекіту;
жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын және басшылар, мамандар мен қызметшілер лауазымдарының бірыңғай біліктілік анықтамалығын жаңғырту;
кадрларды даярлау мен қайта даярлаудың салалық бағдарламаларын әзірлеу;
кадрларды сертификаттау жүйесін қалыптастыру;
кәсіптік бағдарлау жүйесін дамыту;
жұмыстан босатылатын жұмыскерлерді өндірісішілік оқытуды және озыңқы кәсіптік оқытуды дамыту;
кадрлардың кәсіби ұтқырлығы мәселелері бойынша консультациялар өткізуге;
10) экономика салалары бөлінісінде «Жаңа кәсіптер атласын» әзірлеуге, өзектілендіруге және қолдануға қатысуға.
11) «Еңбек жолы» республикалық конкурсын және «WorldSkills» кәсіби шеберлік чемпионатын өткізуге қатысуға уағдаласты.
V бөлім. Лайықты еңбек жағдайлары және еңбекақытөлеу
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі:
1) әзірленген ұсыныстарды кейін уәкілетті мемлекеттік органдарға практикалық іске асыру үшін жібере отырып, облыстық комиссияның, оның жұмыс топтарының, қалалық және аудандық комиссиялардың отырыстарында денсаулық қорғау және еңбек қауіпсіздігі, өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауру жай-күйі мәселелерін қарауға;
2) ең төмен жалақы мөлшерін арттыру, оның ішінде оны жыл сайын индекстеу жолымен арттыру мәселесін қарау жөніндегі Жол картасын бекітеді;
3) мемлекеттік еңбек инспекторларының профилактикалық жұмысқа және еңбек заңнамасының бұзылуының алдын алуға бағытталатын қызметін жетілдіреді;
4) жалпы үрдістерді анықтау және алдын алу шараларын қабылдау мақсатында өндірістік жарақаттануды, кәсіптік ауруды анықтау және талдау жөніндегі жаңа әдістер мен құралдарды енгізуді қамтамасыз етеді;
5) Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төтенше жағдайлар басталған кезде жұмыс берушілердің (кәсіпорындардың, ұйымдардың) шығыстарын мемлекеттік бюджеттен ішінара субсидиялау (өтеу) мәселесін қарайды;
6) ҚР ИИДМ бекіткен ИСО 45001 және ИСО 14001 өндіріс станадрттарын енгізумен өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселесін қарайды;
7) қауіпсіз, экологиялық таза қоршаған ортаны құру, табиғи ресурстарды теңгерімді пайдалану жолымен өмір сүру үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз етеді;
8) мемлекеттік қаржыландырудың көмегімен осы салаға озық ғылыми-техникалық жаналықтарды енгізе отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми әзірлемелердің басымдықтартарын анықату;
9) еңбек қызметіне байланысты зиянды еңбек жағдайларында және жазатайым оқиғаларда жұмыс істейтін жұмыскерлердің статистикалық есептілігі мен оларды есепке алу жүйесін жетілдіруді қоса алғанда, денсаулыққорғау мен еңбек қауіпсіздігі жай-күйінің мониторингі жүйесін дамытуды қамтамасыз етеді;
10) жұмыскерлердің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен халықаралық тәжітибеге шағын мониторинг жүргізу және қажет болған жағдайда заңнаманы өзгерту бойынша ұсыныстар дайындайды.
Тиісті қызмет салалары жұмыс берушілерінің облыстық бірлестіктері:
1) жұмыс берушілердің еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықты қорғау жүйесін жаппай енгізуіне ықпал етеді (ИСО 45001);
2) жұмыс берушілердің кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі мен денсаулықтықорғау саласындағы қағидаларды, нормалар мен стандарттарды сақтауына және жұмыс берушілердің қажетті ресурстарды (материалдық, кадрлық, техникалық және т. б.) бөлуіне жәрдемдеседі;
3) жұмыс берушілердің әйелдердің, жастардың және мүгедектігі бар адамдардың негізгі құқықтары мен кепілдіктерін іске асыру үшін, оның ішінде келісімдер мен ұжымдық шарттар шеңберінде жағдайлар жасауына ықпал етеді;
4) жұмыс берушілердің жұмыскерлердің өмірі мен денсаулығын сақтау жөніндегі алдын алу шаралары кешенін, оның ішінде:
өндірістік жарақаттанудың алдын алу;
ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді мерзімді медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізу;
роботтандыру мен цифрландыру және автоматтандыруды енгізе отырып, жарақаттануды боллырмау мақсатында әр жұмыс орнында жарақат алу кауіпінің критерийін анықтайтын жүйені өндіріске енгізу;
5) жұмыс берушілердің жалақыға және міндетті зейнетақы және әлеуметтік аударымдарға арналған қаражатты өзге мақсаттарға пайдалануына жол бермеу жөнінде шаралар қабылдайды;
6) ұқсас және біліктілігі бірдей жұмыстарды орындау кезінде шетелдік және отандық жұмыскерлер арасында еңбекақы төлеу саласында жұмыс беруші тарапынан кемсітушілікке жол бермеуді қамтамасыз етеді;
7) Кәсіпорындағы (ұйымдағы) кәсіподақтың еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау жөніндегі қоғамдық техникалық инспекторының жазатайым оқиғаны тергеу және жұмысшылардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін еңбек қауіпсіздігін бұзу фактілерін тексеру жағдайларына кедергісіз жіберілуін қамтамасыз ету.
Кәсіптік одақтардың облыстық бірлестіктері:
1) салалық және өңірлік үшжақты келісімдерге және ұжымдық шарттарда бекітілген талаптарда және тәртіппен Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының сақталуына қоғамдық бақылауды жүргізуді бастауыш кәсіподақ ұйымдарын құру арқылы жандандырады;
2) еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау жөніндегі өндірістік кеңестердің жұмысын, оның ішінде еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау жөніндегі техникалық инспекторлардың жұмыс орындарындағы еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғауға тексерулер жүргізуі бөлігінде жандандырады;
3) ұжымдық-шарттық қатынастарды, сондай-ақ отандық кәсіпорындарда жасалған электрондық еңбек шарттарын тарату жөніндегі ақпараттық науқандарды жүргізеді;
4) еңбек ұжымдарында өндірістегі жазатайым оқиғалардың, жарақаттар мен аурулардың ауқымы мен салдарын талдамалық баяндамалар дайындау арқылы түсіндіреді.
Тараптар бірлесіп:
1) әзірленген ұсыныстарды кейін уәкілетті мемлекеттік органдарға практикалық іске асыру үшін жібере отырып, облыстық комиссияның, оның жұмыс топтарының, салалық және өңірлік комиссиялардың отырыстарында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік жарақаттану, кәсіптік ауру жай-күйі мәселелерін қарауға;
2) 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыру бойынша:
әйелдер мен ерлердің еңбек ақысындағы теңдікті бағытталған шараларды қабылдауға;
3) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру бойынша:
еңбек, білім беру және денсаулық сақтау саласында олардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз етуге;
өзін-өзі жүзеге асыру үшін жағдай жасауға;
жастардың оң қоғамдық бастамаларын қолдау және ынталандыруға;
4) балалар еңбегінің ең нашар түрлерін тиімді жоюға бағытталған ұлттық саясатты сақтауға және іске асыруға жәрдемдесуге;
5) еңбек қауіпсіздігін басқару жүйесі нәтижелілігінің төменде көрсетілген:
өндірістік жарақаттану деңгейін (1000 адамға шаққанда жазатайым оқиғалардың жиілік коэффициенті) 2023 жылға қарай 0,28-ға дейін азайту;
ұжымдық-шарттық қатынастар жүйесімен қамтылған кәсіпорындардың үлес салмағын (ірі және орта кәсіпорындар арасында) 2023 жылға қарай
94,2%-ға дейін ұлғайту;
6) республика кәсіпорындарын «VizionZero» халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығының бағдарламасына қосу жөніндегі ақпараттық науқанды жалғастыруға;
7) қауіпсіз, экологиялық таза орта құру, табиғи ресурстарды теңгерімді пайдалану арқылы өмір сүруге қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету;
8) кәсіпорындарда еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау жөніндегі өндірістік кеңестер құруға, сондай-ақ олардың тиімді жұмыс істеуіне жәрдемдесуге;
9) республиканың кәсіпорындарында:
қауіпсіз еңбек жағдайларын қамтамасыз ету бойынша тапсырыс берушіден мердігерге дейін сатылы бақылауды;
еңбек қауіпсіздігі және денсаулықты қорғау қазіргі заманғы ИСО 45001 стандарттарын енгізу жөніндегі жұмысты жүргізуге уағдаласты;
10) қызметкерлердің мүдделерін қозғайтын мәселелер бойынша жиналыстарға қызметкерлер өкілдерінің қатысуының халықаралық тәжірибесін зерделеу, қажет болған жағдайда заннамаға өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар дайындау.
VI бөлім. Әлеуметтік саясат
Тараптар әлеуметтік саясатты дамыту жөніндегі міндеттемелерді қабылдады, олар мынаған бағытталған:
1) 2021 жылы еңбекке уақытша қабілетсіздік бойынша әлеуметтік жәрдемақының шекті мәнін ұлғайту мәселесін қарау, қажетіне қарай қолданыстағы заңнамаға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныс дайындау;
2) Халықаралық еңбек ұйымының ұсынымдарына сәйкес, оның ішінде табысы аз азаматтардың әлеуметтік қорғалу деңгейін арттыруды көздейтін ең төмен мемлекеттік әлеуметтік стандарттарды және әлеуметтік қамсыздандыру нормаларын кезең-кезеңімен арттыру жөнінде шаралар қабылдау;
3) азаматтарға міндетті әлеуметтік сақтандыру бойынша сақтандыру төлемдерінің кепілдік берілген түрлерін қамтамасыз ету;
4) экономиканың өсуін және бюджеттік мүмкіндіктерді ескере отырып, ең төмен әлеуметтік стандарттарды халықаралық баламаларға кезең-кезеңімен жақындату жөнінде шаралар қабылдау;
5) әлеуметтік төлемдерді цифрландыру шеңберінде азаматтың «Әлеуметтік әмияны» цифрлық платформасын енгізу;
6) әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу;
7) Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін кеңейту және бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын ұйымдастыруға жәрдемдесу;
8) Қазақстан Республикасы Әлеуметтік кодексінің жобасын әзірлеуге белсенді қатысу;
9) мүгедектігі бар жұмыскерлердің өмір сүру сапасын жақсарту, әлеуметтік қолдауды күшейту, сондай-ақ олардың қоғамға кірігуі үшін тең жағдайлар жасау жөнінде шаралар қабылдау;
10) ерікті зейнетақы, медициналық, әлеуметтік сақтандыру жүйелерін дамыту;
11) облыстық комиссияның отырыстарында әлеуметтік саясат моделін жаңғырту мәселелерін қарау.
VII бөлім.Келісімді іске асыру және оның орындалуын бақылау
1) Тараптардың әрқайсысы Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізуге бастамашылық жасауға құқылы, олар барлық тараптардың өзара келісімі бойынша қабылданады, Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын хаттамамен ресімделеді және оларға қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.
Келісімге өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін ол ресми жариялануға тиіс.
2) Келісімді іске асыруға қатысты мәселелер жөніндегі облыстықүшжақтыкомиссияның шешімдері осы Келісімді іске асыру нысандарының бірі болып табылады;
3) Келісімді іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуын мониторингтеу негізінде облыстық үшжақты комиссия туралы ережеде айқындалған тәртіппен Келісімнің орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
4) салалық және өңірлік (облыстық, қалалық, аудандық) келісімдер осы Келісіммен салыстырғанда жұмыскерлердің жағдайын нашарлатпауға тиіс;
5) Халықаралық еңбек ұйымы ұсынған тәсілдер мен индикаторларға сәйкес лайықты еңбектің мақсаттары мен қағидаттарын ілгерілету:
өліммен аяқталған өндірістік жарақаттану деңгейі
(100 000 жұмыс істейтін адамға), адам;
өлімге әкелмейтін өндірістік жарақаттану деңгейі
(100 000 жұмыс істейтін адамға), адам;
өндірістік жарақаттану нәтижесінде жоғалған уақыт;
Осы Облыстық келісімге мыналар қол қойды:
Батыс Қазақстан облысы әкімдігі атынан:
|
Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары А.А. Алпысбаев |
___________________ |
Облыстық кәсіподақтар бірлестіктер атынан:
|
«Батыс Қазақстан облысының кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрайымы А.О. Есекенова |
___________________ |
|
|
|
|
|
|
Жұмыс берушілердің облыстық бірлестіктерінің атынан:
|
«Уральскагрореммаш» АҚ дирекциясы, «Машзавод» консорциумының төрағасы Көшербай Айғожаұлы |
___________________ |