Меню

Страницы

Статья

Әлеуметтік әріптестік

Өңірлік әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясының жұмысы туралы

 

Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссияның қызметі 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының № 414-V Еңбек кодексінің және 2014 жылғы 27 маусымдағы № 211-V «Кәсіптік одақтар туралы» Заңының негізінде жергілікті атқарушы органдардың, облыс жұмыскерлері мен жұмыс берушілерінің өкілдері отырысы, ұжымдық келіссөздер, консультациялар, әлеуметтік-еңбек және олармен байланысты экономикалық қатынастардың негізгі бағыттары бойынша тараптар мүдделерін келістіру түрінде жүзеге асырылады.

Облыс әкімдігінің 2021 жылғы 16 шілдедегі «Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі үшжақты комиссиясын құру туралы» №142 қаулысымен комиссия төрағасы болып Батыс Қазақстан облысының әкімі тағайындалды.      Аталған комиссия отырысына 2022 жылғы 3 маусымдағы №106 қаулымен комиссия құрамына өзгерістер енгізілді және комиссияның үйлестірушісі болып облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар және облыстық еңбек инспекциясы бойынша басқармалары белгіленді.

Комиссия құрамына жергілікті атқарушы органдардан – 7 (облыс әкімі, облыс әкімінің орынбасары және 5 облыстық басқармалар), облыстық кәсіптік одақтар бірлестіктерінен – 7 және жұмыс берушілерден – 5 ірі бизнес субъектілері және 2 қоғамдық бірлестік («Халықаралық медиация орталығы» республикалық қоғамдық бірлестігінің БҚО бойынша өкілдігі, «Батыс Қазақстан облысы медиаторлар одағы» заңды тұлғалар бірлестігі).

Сонымен қатар, 2023 жылғы 31 наурызда №80 қаулысымен комиссия мүшесінің құрамына «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының директоры енгізілді.

2023 жылы үшжақты комиссия отырыстарының жалпы саны (2023 жылғы 20 қараша жағдайы бойынша) – 66 (соның ішінде облыстық – 4, қалалық – 8, аудандық –54).

Әлеуметтік әріптестік пен әлеуметтік және еңбек қатынастарын реттеу жөніндегі облыстық, аудандық және қалалық үшжақты комиссиялардың отырыстарында еңбек қатынастары, ұжымдық шарттарға қол қою барысы және олардың орындалуы, облыс кәсіпорындарында еңбек қақтығыстарын ескерту жұмыстары туралы, еңбек қауіпсіздігі, жалақы бойынша облыс кәсіпорындарының берешектері жөнінде, сонымен қоса өндірістік жарақаттанудың өсуінің алдын алу және еңбек саласындағы тағы басқа сұрақтары комиссиялардың отырыстарында қарастырылады.

Дата публикации
11 августа 2022
Дата обновления
20 ноября 2023
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

20 октября 2026
ЭЛЕКТРОННЫЕ СМИ
20 октября 2026
Баспа бақ
20 октября 2026
ИНТЕРНЕТ БАҚ

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы