Елбасы алға қойған стратегиялық міндеттерді және ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының басым бағыттарын жүзеге асыру аясында 2019 жылдың 9 айындағы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары

Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында Ғали ЕСҚАЛИЕВ Батыс Қазақстан облысының Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауын іске асыру аясындағы негізгі жетістіктері, сондай-ақ облыстың 2019 жылдың 9 айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты.
– Ағымдағы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыста көптеген қызмет бағыттары бойынша оң нәтижелерге қол жеткізілді. 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында жалпы аймақтық өнім 1,4 трлн. теңгені құрады, бұл өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, 145 млн теңгеге жоғары. Ағымдағы жылдың 9 айында 1,8 трлн. теңгені құрайтын өнеркәсіп өнімі жасап шығарылды», - деп атап өтті Ғали Есқалиев.
Сонымен қатар, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуы аймақ экономикасының драйверлерінің бірі болып табылады.
Есепті кезеңде аймақтық жалпы өнім көлемі 118 млрд. теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2%-ға жоғары. Мал шаруашылығы облыстың агробизнесінің негізгі бағыты болып табылады. Облыс етті ірі қара малдың саны бойынша республикада 2 орын алады. Егер өткен жылы етті ірі қара малдың саны 456 мыңды құраған болса, биыл бұл көрсеткіш 495 мыңға жетті. Биыл мал басы санын көбейту үшін 15 мың мал басына арналған бордақылау алаңдарын ашу жоспарлануда.
Мемлекет басшысы атап өткендей, экономикалық өсудің негізі инвестиция болып табылады. Батыс Қазақстан облысында 2019 жылдың 9 айында негізгі капиталға салынған инвестициялар 36% -ға артып, 388 млрд теңгені құрады, оның 90% жеке инвестициялар.
Жалпы бүгінгі таңда облыста көлемі 1 триллионнан астам теңгені құрайтын, 5 мыңға жуық жұмыс орнымен қамтамасыз ететін 42 жаңа ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. Оның ішінде 8 жоба шетелдің қатысуымен болып табылады.
Ағымдағы жылы жалпы құны 317,7 млрд. теңгені құрайтын, 500 жұмыс орны құрылатын 10 жоба іске қосылады. Оның ішінде биыл газ дайындау қондырғысы, шарлы қалпақшалар өндірісі, тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрыптау және өңдеу, кабель өнімдерін шығару, полиэтилен құбырларын шығару бойынша жобалар іске қосылды.
Трансформаторлар үшін панельдік радиаторлар өндірісі, жиһаз фабрикасы, Қарашығанақ қайта өңдеу кешенінде газ өндірісіндегі шектеулерді алып тастау және мұнай өңдеу зауыты сияқты жобалардың құрылысы жүргізілуде.
– Жалпы, Батыс Қазақстан облысының инвестициялық әлеуеті өте жоғары. Біз аграрлық өнеркесіп кешені, туризм және автомобильдердің транзиттік ағымын пайдалану және т.б. салалар бойынша жаңа инвестициялық жобалардың пулын дайындап жатырмыз. Біз әлеуетті инвесторлардың сұрақтарына жедел және тиімді жауап беретін инвесторларға қызмет көрсету жүйесін құруды аяқтап жатырмыз », - деді БҚО әкімі.
Облыста инфрақұрылымды құруға және дамытуға көп көңіл бөлінеді.
2019 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 16 миллиард теңгеден астам қаражат бөлініп, Орал және Ақсай қалаларында 17 көп пәтерлі тұрғын үй, сондай-ақ ауылдық жерлерде 117 үй салынуда. Жалпы 3 мыңға жуық пәтер.
Жыл қорытындысы бойынша 6 көп пәтерлі тұрғын үй және ауылдағы 49 тұрғын үйді кезекте тұрған адамдарға жалға беру жоспарланған, бұл жалпы саны 1080 пәтер болып табылады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында, тұрғын үйге қол жетімділікті, әсіресе, халықтың әлеуметтік әлсіз топтары үшін арттыру қажеттігін атап өтті.
Облыста ағымдағы жылы халықтың әлеуметтік әлсіз топтары санатындағы 394 отбасына жаңа пәтер кілттері табыс етілді. Олардың 243 көп балалы отбасылар. Сонымен қатар, жеке инвестициялар есебінен биыл жалпы көлемі 386 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үй пайдалануға беріледі.
БҚО-да тұрғын үй мәселесі тек мемлекеттік бюджет есебінен шешілмейді. Оралда МЖӘ негізінде апаттық және тозығы жеткен үйлерде жаңа тұрғын үй салу механизмі белсенді қолданылуда, бұл механизм бойынша апаттық пәтерлердің иелері өздері тұрған ауданнан шаршы метрі тең жаңа пәтер алады. Бүгінгі таңда осындай 5 үй салынуда, қорытындысында 480 пәтер салынып, апаттық жағдайдағы 65 отбасы жаңа пәтер алады.
– Көптеген қалалардағыдай, баспана мәселесі біз үшін де өзекті. Орал қаласының халқы жыл сайын 5-7 мың адамға артып келеді. Қалада 20 мыңнан астам адам кезекте тұр. Осы мәселені жеңілдету үшін Орал қаласында жаңа «Ақжайық» шағын ауданының құрылысын салу бойынша ірі жоба жасалды. Оның жалпы ауданы 425 гектарды құрайды, 50 мың адамға арналған, - деді Ғали Есқалиев.
2019 жылы ұзындығы 364 шақырым болатын жолдарды жөндеу мен салуға 27,3 миллиард теңге бөлінді. Бүгінгі таңда 335 км жол пайдалануға берілді.
Өзіңіз білетіндей, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Батыс Қазақстан облысына жасаған сапары барысында Қазталов, Жәнібек және Бөкейорда аудандарына асфальтталған жол салуды тапсырған болатын. Бұл облыс орталығынан ең шалғай орналасқан оңтүстік өңірлер болып табылады.
Жаңа жолдардың жалпы ұзындығы 245 км құрайды, ол үшін шамамен 55 млрд. теңге бөлінеді. Қазіргі уақытта барлық мердігерлер анықталып, кейбір аудандарда жұмыстар басталып кетті. Бұл жұмыстарды аяқтау 2021 жылдың соңына дейін жоспарланған.
Сондай-ақ, елдің транзиттік әлеуетін пайдалану үшін Самара облысымен шекарадағы «Сырым» өткізу бекеті кеңейтілді. Жобаның сомасы 2,2 млрд. теңгені құрады. Егер бұрын 2 жол жүру жолағы болса, енді қарашадан бастап жолдар саны 8-ге дейін көбейтілді.
Орал қаласында «Нефтебаза» ауданында ұзындығы 1 км және құны 5,2 млрд теңге болатын көпір қайта жаңғыртылуда. 1972 жылы салынған «Орал» халықаралық әуежайының терминалын қайта құру басталды. Бұл жолаушылар үшін ыңғайлы жаңа терминал болмақ.
2019 жылы 54 мыңнан астам халқы бар 40 ауылда сумен жабдықтаудың 29 нысанын салу және қайта құру басталды. Осы мақсатта 4,3 миллиард теңге бөлінді. Биыл су шамамен 35 мың адам тұратын 26 ауылға келеді. Нәтижесінде халықты орталықтандырылған сумен қамтамасыз ету 86,6% -ға дейін артады.
6 мыңға жуық адам тұратын аймақта 16 елді мекенді газбен қамту жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде биыл 9 ауылдық елді мекенді газдандыруды аяқтау жоспарланған. Нәтижесінде облыс халқының табиғи газбен қамтамасыз ету үлесі 96,1% дейін артады деп күтілуде.
Облыстық бюджеттің 52% немесе 113,8 млрд.теңге әлеуметтік салаларға бөлінді. Сонымен қатар, Ғали Есқалиев өңірдегі білім беру және денсаулық сақтау мәселелеріне тоқталды.
БҚО әкімі атап өткендей, білім адами капиталды дамытуда маңызды рөл атқарады және елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы қозғаушы фактор болып табылады.
БҚО-да 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 100% қамту қарастырылған. Сонымен бірге, 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларға арналған мектепке дейінгі мекемелерде кезек бар. Мәселелерді жеңілдету үшін жаңа үйлердің жобаларында балабақшаларды қарастырып, жеке балабақшалардың да құрылысына ынталандырамыз.
Білім беру саласындағы аймақтағы мәселелердің бірі мектеп ғимараттарының жағдайы болып табылады. Батыс Қазақстан облысында апатты жағдайда тұрған 8 мектеп және үш ауысымды 6 мектеп бар. Мәселені шешу үшін Ақжайық ауданы мен Орал қаласында 2 мектептің құрылысы басталды. Келесі жылдың басында МЖӘ схемасы бойынша тағы да 4 мектептің құрылысы басталады.
БҚО бастауыш сынып оқушыларының 100% -ы жергілікті бюджет есебінен тегін тамақпен қамтылған республикадағы 3 облыстың бірі болып табылады. Қазіргі уақытта Оралдағы мектеп асханалары электронды қызмет көрсету форматына ауысуда, бұл балалардың тамақтану сапасын жақсартуы керек.
Орал қаласындағы Деркөл ауылында комьюнити-орталығының ашылуы аймақтағы жаңа енгізілім болды. «Қомьюнити-орталық» - халықтың қызығушылықтарына сай бос уақытын тиімді ұйымдастыратын орын. Орталықтың мақсаты - тұрғындарды салауатты өмір салтына тарту және балалар, жастар мен ересектердің бос уақытын тиімді ұйымдастыру болып табылады. Облыс басшылығы мектептер мен басқа да әлеуметтік нысандар базасында қомьюнити-орталықтардың желісін құруды жоспарлап отыр.
Облыстың техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында оқыту сапасын жақсарту үшін 3 колледжді сенімгерлік басқаруға ауысу рәсімдері басталды.

БҚО әкімдігі, Финляндия Бизнес Хабы және «Collaprime Oy» компаниясы арасындағы үшжақты келісім аясында Жоғары аграрлық-техникалық колледжінің базасында ВIM технологиялары бойынша құрылыс саласындағы мамандарды даярлауға арналған заманауи бағдарламалармен қамтамасыз ету орнатылды. Колледждің 6 оқытушысы осы компанияның негізінде Финляндияда тағылымдамадан өтті.
Денсаулық сақтау саласында негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштер бойынша оң үрдіс байқалады: бұл жалпы өлімнің 5,4% -ға, сәби өлімінің 19,9% -ға төмендеуі.
Нәрестелер өлімін азайту үшін медициналық ұйымдар 17 мамандандырылған ультрадыбыстық аппараттармен жабдықталды және 38 маман туа біткен кемістігін ерте анықтау бойынша оқытылды.
Жалпы өлім деңгейін одан әрі азайту үшін жақында халық саны 110 мыңнан асатын 5 ауданды (Ақжайық, Бөкейорда, Жаңқала, Жәнібек, Қазталов аудандары) қамтитын, Ақжайық аудандық ауруханасы базасында екінші деңгейлі инсульт орталығы жұмыс істей бастайды.
МЖӘ бойынша Шыңғырлау ауданында дәрігерлік амбулатория салынды, облыстық аурухананың асханасы жөндеуден өтіп, магнитті-резонанстық томограф, компьютерлік томограф, ангиограф сатып алынды.
Өңірде мәдениет пен спортты дамыту мақсатында, Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай, Оралда халықаралық стандарттарға сәйкес 900 орынға арналған концерт залы бар Мәдениет үйінің құрылысы басталды.
Спортшыларды әлемдік деңгейдегі жарыстарға қатысуға дайындау үшін спортта дарынды балаларға арналған 250 орындық спорттық мектеп-интернатының құрылысы жүргізілуде.
Елбасының биылғы жылы 100 фитнес-орталық салу туралы тапсырмасын орындау аясында, облыстың екі ауылында 160 орындық екі дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысы басталды. Болашақта 4 миллиард теңгеге жуық сомада облыстың алты аймағында тағы 7 дене шынықтыру-сауықтыру кешені салыну жоспарлануда.
Аймақ басшысы облыстың басым бағыттарының бірі - цифрландыру туралы да егжей-тегжейлі айтып берді. Өңірде цифрландыру бойынша 140-тан астам жоба жүзеге асырылуда. www.zem.kz электрондық порталында бос жер учаскелеріне конкурстар мен аукциондар өткізіледі.
- Менің білуімше, біздің облыс республикада жер сауда-саттықтарын(аукциондарын) электронды түрде өткізетін жалғыз аймақ. Биыл аумағы 97 гектар жер учаскелерін жалға беру құқығын беретін 34 аукцион өткізілді.

Сондай-ақ, біз аймақтың географиялық ақпараттық порталын әзірлеуді аяқтап жатырмыз, бұл бізге жерді мақсатсыз пайдалануды анықтауға, егіс алқаптарын бақылауға, жерді пайдалану шекараларын бұзуды есепке алуға мүмкіндік береді , - деді Ғали Есқалиев.
Елорданың үлгісімен, БҚО-да бірыңғай диспетчерлік «109» қызметі енгізілді. Нәтижесінде тұрғындардың шағымдары мен ұсыныстарына жауап беру сапасы жақсарды. Жақын арада Бірыңғай диспетчерлік «112» қызметі жұмысын бастайтын болады.
Мемлекеттік органдардың жұмыс тиімділігін арттыру үшін көптеген кездесулер мен хат алмасулардың орнына «Битрикс» платформасында «Жобалық кеңсе» құрылды. Қазір инвестициялық жобалар мен маңызды оқиғаларды басқару және мониторинг онлайн режимінде жүреді.
- Қазақстан Президентінің «Назар аударатынмемлекет» тұжырымдамасын қамтамасыз ету туралы тапсырмасын орындау аясында бірқатар облыстық басқармалардың бюджеттерін қоғаммен бірге талдай бастадық. Біз бюджет көлемін әлеуметтік желілерде жариялаймыз, мемлекеттік сатып алу жоспарларын талқылауға мамандарды шақырамыз.
Сондай-ақ, әлеуметтік нысандар құрылысының сапасын жақсарту үшін нысанды жобалау сатысында болашақ пайдаланушыларды цифрлық технологияларды қолдана отырып, жобаны зерттеуге шақырамыз. Мәселен, медбикелер мен дәрігерлер кардиология орталығының құрылысының жобасы туралы жақсы пікірлер айтты, - деді облыс әкімі.