Меню

Страницы

Статья

1 тоқсан 2021 ж. Батыс Қазақстан облысының ішкі бақылау бойынша жұмысы туралы талдамалық анықтама

  1. Жалпы ақпарат

Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 172 қызмет енгізілген.

2021 жылдың 1-тоқсанында 595 140  қызмет (2020 жыл, 1-тоқсан – 488 133) көрсетілді.

Соның ішінде, көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 103 (0 %) (2020 жыл, 1-тоқсан -  110 769 (22,7%),  мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 14 296 (2%) (2020 жыл, 1-тоқсан – 7 684 (1,6%), мемлекетік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 580 741  (98%) (2020 жыл, 1-тоқсан – 369 680 (75,7%).

Оған қоса жергілікті атқарушы органдармен "электрондық үкімет" веб-порталы www.egov.kz, www.elicense.kz арқылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 15 167.

Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны – 8 (2020 жыл, 1-тоқсан - 6). Өткен кезеңмен салыстырғанда 2 фактіге көп.

Мемлекеттік қызметтер көрсетуден бас тарту мерзімдері бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1.

Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату үшін семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер және өзге шаралар өткізілуде.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 513-ті құрап, оған
28 550 тұрғын тартылды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 41 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.

 

  1. Проблемалық мәселелер

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік қызметтерді қағаз түрінде көрсеткен мекемелер бар. Оған себеп -  «Е-Лицензиялау» мемлекеттік деректер базасындағы жүйелі түрде орын алатын қателіктер. Мысалы, қабылданған өтініштерді уәкілетті органға жіберер кезде тиісті лицензиарлардың болмауы (Қосымша 1).

«Елді мекендер шегінде объектілер салу үшін жер учаскелерін беру» мемлекеттік қызметі толық автоматтандырылмаған. Яғни, өтініш веб-порталдан ЭҚАБЖ-ға келеді.

«Объектілерді кейіннен кәдеге жарату (құрылыстарды бұзу) жөніндегі жұмыстар кешенін жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік қызметі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімінің» қазақша нұсқасына сәйкес  өтініштер «Электронды (ішінара автоматтандырылған)/қағаз түрінде» және «Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың ЖАО, "электрондық үкіметтің" веб-порталы» арқылы альтернативті түрде көрсетіледі делінсе, орысша нұсқасында «Электронная (полностью автоматизированная)» және өтініштер тек «Веб-портал "электронного правительства"» арқылы қабылданатыны көрсетілген.

Дата публикации
16 апреля 2021
Дата обновления
16 апреля 2021
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы