Батыс Қазақстан облысының әкімі аппаратына келіп түскен өтініштер
2021 жылдың 4 мамырына Батыс Қазақстан облысы әкімінің аппаратына 1 322 өтініш (жеке тұлғалардан– 592, заңды тұлғалардан-729) келіп түсті.
Оның ішінде 787 өтініш, 249 шағым, 90 сұраныс, 3 жауап және 193 ұсыныс бар.
Өтініштерді қарау нәтижелері келесідей:
* толық және ішінара қанағаттандырылды-87;
* бас тартылды -1;
* тоқтатылды -12;
* мәні бойынша түсініктеме берілді – 461;
* құзыреті бойынша қарау үшін басқа мемлекеттік органдарға қайта жолданды – 662;
* қарауда – 99.
2020 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда (1 104) өтініштер санының 218 бірлікке артуы байқалады.
ҚР Президенті Әкімшілігінен және ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінен келіп түскендер өтініштер
ҚР Президенті Әкімшілігінен жеке тұлғалардан 40 өтініш келіп түсті.
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 6 бірлікке артық (2020 жылы - 34).
Өтініштерді қарау нәтижелері:
* мәні бойынша түсініктеме берілді – 36;
* тоқтатылды -1;
* қарастыруда -3.
ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінен 11 өтініш түсті, оның ішінде
6 жеке және 5 заңды тұлғалардан.
Өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда өтініштер санының 4 бірлікке артуы байқалады (2020 жылы-7).
Өтініштерді қарау нәтижелері:
* толық және ішінара қанағаттандырылды-4;
* жазбаша түсініктемелер берілді-5;
* қарастыруда-2.