|
р/с № |
Іс-шараның атауы |
Аяқтау нысаны
Жауаптылар
Орындау мерзімдері |
Орындалуы туралы мәлімет |
||||||
|
|
2 |
3 |
4 |
||||||
|
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл |
|||||||||
|
Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл |
|||||||||
|
1 (20) |
Жергілікті атқарушы органдардың жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі консультативтiк-кеңесшi органдарының отырыстарында сыбайлас жемқорлыққа неғұрлым бейім салалардың (құқықтық статистика деректері және әлеуметтік зерттеулердің нәтижелері бойынша) жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы органдардың басшыларын тыңдау |
сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі консультативтік-кеңесші органдар отырыстарының хаттамалары, ЖАО, жыл сайын, жарты жылда 1 рет |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл мәселелері жөніндегі аймақтық комиссия отырысында Орал қаласы, Бөрлі ауданы әкімдерінің және Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының есептері тыңдалды |
||||||
|
2 (29) |
Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың ата-аналары ұжымының алдында, оның ішінде орта білім беру ұйымдарын ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулерін өткізу |
есеп беру кездесулері, ЖАО, жыл сайын, 15 мамырдан кешіктірмей |
Орта білім беру ұйымдары басшыларының оқушылардың, ата-аналары ұжымының алдында, ұйымдарды ұстау үшін бюджеттен бөлінген қаржы қаражатының жұмсалуы жөнінде есеп беру кездесулері өткізілуде. Білім беру мекемелерін дәліздері мен сайттарында бюджет қаражатының орындалуы жөнінде ақпараттар орналастырылды. |
||||||
|
3 (30) |
ҮЕҰ арасында қоғамдық бақылауды күшейтуге және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру |
мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру, ЖАО, жыл сайын, 15 мамырдан кешіктірмей |
2020 жылы МӘТ тапсырыс аясында «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және құқықбұзушылық профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу» жобасы жүзеге асырылуда. Жобаның жалпы құны 10 000,0 мың. теңгені құрайды. Жобаны «БҚО шағын және орта кәсіпкерлікке қолдау көрсету Ассоциациясы» жүзеге асыруда. Жоба аясында «Ақжайық-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі ҮЕҰ, бұқаралық ақпарат құралдарының, қоғам өкілдерімен, , белсенді азаматтармен, қоғамдық пікір жетекшілерімен бірге, БҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсыкүрес департаментімен және басқа да мемлекеттік, квазимемлекеттік органдармен тұрақты түрде іс-шаралар, кездесулер, тікелей эфирлер, онлайн режимінде конференциялар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру, оның ішінде тұтастық идеологиясын нығайту мәселелері бойынша өткізеді. «Ақжайық-адалдықалаңы» жобалық кеңсесі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің БҚО бойынша адалдық штабымен, БҚО АМТ-мен, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын түсіндіру және іске асыру бойынша жастар ұйымдарымен, еріктілер қозғалыстарымен белсенді ынтымақтастық жасайды. Атап айтқанда: Ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап осы уақытқа дейін азаматтарды онлайн және оффлайн режимінде қабылдайтын 1221 іс-шаралар мен кездесулер өткізілді; - мемлекеттік, квазимемлекеттік ұйымдардың ұжымдарымен 50-ден астам кездесулер; - азаматтарды онлайн қабылдау - 257; - әлеуметтік желілерді бақылауды қоса алғанда, азаматтарды оффлайн қабылдау - 899; - қоғамдық бірлестіктер мен олардың өтініштері бойынша кездесулер - 15. Мемлекеттік және квазимемлекеттік ұйымдардағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің себептерін жою бойынша 11 ұсыныс облыс әкімінің қарауына жіберілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің жою жұмыстары бойынша цифрландыру мен жұмыс процесін оңтайландыру, ашық әкімдіктер, азаматтардың өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары, Open Space қағидаты бойынша азаматтарды қабылдау арқылы мемлекеттік қызметтерді ұсынуға қолайлы жағдайлар жасалды. |
||||||
|
4 (52) |
"Адал ұрпақ" ерікті мектеп клубтарының өңірлік слеттерін өткізу |
өңірлік слеттер, ЖАО, 2018 – 2020 жылдардағы 3-тоқсан |
2018 жылы 3 қазан күні «Адал ұрпақ-мәңгілік ел болашағы» атты форум өткізілді. Жиынның мақсаты: жас ұрпақтың бойында патриоттық сезімді қалыптастыру. Форумға 48 оқушы қатысты. 2019 жылдың 9 қазан күні облысымыздың «Адал ұрпақ – жарқын болашақ» облыстық форумы ұйымдастырылды. Мақсаты: жас ұрпақты Отанын сүюге, жемқорлықпен күресе білуге баулу. Форумға 85 оқушы қатысты. 2020 жылдың 25 желтоқсан күні «Асқақ елдің – адал ұрпағы» атты онлайн форум ұйымдастырылды. Мақсаты:оқушылардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру, парасатты азамат пен азаматша тәрбиелеу.Онлайн форумға 100 оқушы қатысты. |
||||||
|
5 (56) |
Мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының негізгі бағыттарын түсіндіру бойынша әлеуметтік аудио-, бейнероликтерді әзірлеуді көздеу және оны трансляциялауды қамтамасыз ету |
аудиоджинглдерді және ЖАО, жыл сайын |
2020 жылы МӘТ тапсырыс аясында БҚО ішкі саясат басқармасы тарапынан «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға және құқықбұзушылық профилактикасына бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу», «әлеуметтік желілер мен интернет ресурстарда мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша іс-шаралар ұйымдастыру және өткізу» жобалары аясында 2 бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желілерде таралымы қамтамасыз етілді. |
||||||
|
6 (57) |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет және сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілік деңгейін айқындау бойынша әлеуметтанушылық зерттеулерді жүргізу |
әлеуметтанушылық зерттеулер, ЖАО, жыл сайын |
Батыс Қазақстан облысында облыстағы сыбайлас жемқорлық көріністері туралы қоғамдық пікірді айқындау мақсатында жыл сайын әлеуметтік зерттеулер жүргізіледі. Ағымдағы жылдың тамыз-қыркүйек айларында М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан университетімен облыстық ішкі саясат басқармасының мемлекеттік тапсырысы аясында «Облыс аумағындағы сыбайлас жемқорлық көріністері туралы қоғамдық пікірді айқындау» тақырыбында 1000 респондент қамтыған әлеуметтік зерттеу жүргізілді. Зерттеу Орал қаласында және 12 ауданда жүргізілді. Әлеуметтік зерттецлердің нәтижелері бойынша талдамалық анықтамалар дайындалып, тиісті мемлекеттік органдарға жұмыста пайдалану үшін жолданды. |
||||||
|
7 (67) |
Халық тарапынан сыртқы бағалауды алу және қоғам пікірін есепке алу мақсатында Қазақстан Республикасының 2015 – 2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясының іске асырылу барысы туралы есептерді БАҚ-та, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның сайтында жариялау |
Жарияланымдар, ЖАО, жыл қорытындысы бойынша жыл сайын, 15 сәуірден кешіктірмей |
Ағымдағы жылы қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы сананы қалыптастыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдарында 933 материал жарияланды, соның ішінде баспа басылымдарда (республикалық - 14, өңірлік - 116) – 130 мақала, телеарналарда – 111 сюжет, интернер-ресустарда – 692 материал жарияланды. Атап айтқанда, облыстық «Орал өңірі» газетінде «Парасатқа негізделген қоғамда жемқорлық жойылады» (28.01), «Жастарда жемқорлыққа қарсы» (06.03), «Әскерилердің парақорлығы әшкереленуде» (07.02) мақалалары жарияланса, «Приуралье» газетінде «Нетерпимость к коррупции – со студенческой скамьи» (24.01), «Только общими усильями искореним коррупцию» (24.01), «Бизнес против коррупции» (03.03), «Право человека обесценивает коррупцию» (03.03.) мақалалары жарыққа көрді. «Өңірлік коммуникациялар қызметі» КММ-нің ұйымдастыруымен ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департамент басшысы қатысуымен 2 брифинг ұйымдастырылды. |
||||||