Меню

Страницы

Статья

Аналитическая справка по результатам внутреннего анализа коррупционных рисков

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидалары» (бұдан әрі – Қағидалар) негізінде 2019 жылдың 1 желтоқсанынан 2020 жылдың 1 желтоқсаны аралығындағы мерзімдегі Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдері бойынша ішкі талдау жұмыстары 2019 жылғы 24 қазан мен 24 қараша аралығында жүргізілді.

Аталған мерзім ішінде облыс әкімінің аппараты бөлімдерінен Қағидалардың 8-11 тармақтары бойынша ақпарат сұратылған болатын. Нәтижесінде, мемлекеттік-құқықтық бөлімге персоналды басқару қызметі, кеңсе, әдеп жөніндегі уәкіл және өтініштер, талдау бөлімдерінен және облыс әкімінің кеңесшісі Б.Қонысбаевадан жауап түсті. Қалған бөлімдермен және әкім көмекшілерімен мәлімет ұсынылған жоқ. Осыған орай, жалпы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жұмыстары облыс әкімі аппаратымен тиісті дәрежеде жүргізілмегені анықталды.

Өз кезегінде, облыс әкімі аппараты қызметкерлері сыбайлас тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге немқұрайлы қарайтындығы талдау барысында анықталып отыр. Талдауға берілген жауаптардың барлығы (облыс әкімінің кеңесшісі Б.Қонысбаеваның, персоналды басқару қызметінің басшысы Ж.Сабировадан басқа) ұсыныстар жоқ деп жауап қайтарылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелі мемлекеттік қызметкерлер жұмыс барысында кездескен сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтай отырып, тиісті нормативтік-құқықтық  актіге дер кезінде өзгеріс енгізу үшін қажет.  Осыған орай, аппарат қызметкерлері сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға тікелей ат салысып, бұл жұмысты тиісті дәрежеде атқару қажеттілігі жөнінде тапсырма беру мақсатқа сай келеді деп есептейміз.

Жүргізілген талдау нәтижесінде қолдыныстағы норматитік-құқықтық актілер бойынша мемлекеттік-құқықтық бөліммен 3 және облыс әкімінің кеңесшісі Б.Қонысбаевамен 2 сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды.

  1. Мемлекеттік сатып алу заңнамасы бойынша

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңының 13 бабы 1 тармағына сәйкес мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілдері ретінде конкурс (ашық конкурс, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс, екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурс), аукциондар, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден алу және тауар биржаларын таниды.

Заңның 39 бабы 2 тармағы бiр көзден алу тәсiлiмен мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру жағдайларының бірі ретінде Заңда көзделген жағдайларда конкурс (аукцион) тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеді деп танылған жағдайды көздеген.

  1. Тұрғын үй қатынастары туралы заңнамасы бойынша

Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуiрдегi «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының 2 бабы 21) тармақшасы, 67 бабы 3 тармақшасына сәйкес, мемлекеттік мекемелердің тұрғын үй қорынан тұрғынжайлар, осы баптың 3-1, 3-2, 3-3 және 3-4-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, аталған мекеменің осы елді мекендегі тұрғынжайға мұқтаж жұмыскерлеріне пайдалануға беріледі.

Қызметтік тұрғын үйге теңестірілген тұрғын үй – коммуналдық тұрғын үй қорынан мемлекеттік қызметшілерге, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлеріне, әскери қызметшілерге, ғарышкерлікке кандидаттарға, ғарышкерлерге, арнаулы мемлекеттік орган қызметкерлеріне және мемлекеттік сайланбалы қызмет атқаратын адамдарға немесе мемлекеттік кәсіпорынның тұрғын үй қорынан осы мемлекеттік кәсіпорынның қызметкерлеріне берілетін тұрғын үй.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 6 қаңтардағы «Құқық қорғау қызметі туралы» Заңының 68 бабында қызметкерлер мемлекеттік тұрғын үй қорынан бiрiншi кезекте тұрғын үймен қамтамасыз етiлу құқығын пайдаланады делінген.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы №1209 «Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидаларын, сондай-ақ өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдарының қызметкерлері лауазымдарының санаттарын бекіту туралы» қаулысының 9 тармағына сәйкес, қызметтік тұрғын үй беру тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы №1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қызметтік тұрғын үй кезек тәртібімен беріледі.

Алайда, жоғарыда айтылғандардың негізінде құқық қорғау органдары қызметкерлеріне мемлекеттік тұрғын үй қорынан қызметтік пәтерлерді жалға беру барысында аталған заңдардың  бір-біріне қарама-қайшылығы анықталып отыр.

  1. Мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы бойынша

Мемлекеттік мекемелердің функциялары бір мекемеден екінші мекемеге штат бірліктерімен берілу мүмкін. Осындай жағдайда Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 15 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының (бұдан әрі – Заң) 56 бабының 6 тармағына сәйкес мемлекеттік қызметшілерге шатат бірлігі берілген мекемеден лауазым ұсынылады немесе ұсынылған лауазымнан бас тартқан жағдайда берілген мемлекеттік орган төрт орташа айлық жалақысы мөлшерінде жұмыстан шығу жәрдемақысын төлейді.

Заңының мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу конкурстық негізде жүзеге асырылады. Конкурс процедурасы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы № 40 «Мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» бұйрығы  (бұдан әрі – Бұйрық) негізінде жүзеге асырылады.

Ұсынылған лауазымнан бас тартқан мемлекеттік қызметші төрт орташа айлық жәрдемақыны алып, кейіннен өзі бас тартқан лауазымға орналасуға конкурсқа қатысуы мүмкін. Яғни, мемлекеттік орган тарапынан жәрдемақы төлеу шығыны мен конкурс өткізуге кететін уақыт көлемінде зардап шегуі мүмкін. Сол себепті Заңда ұсынылған лауазымнан бас тартқан мемлекеттік қызметішлер үшін дәл сол лауазымға жарияланған конкурсқа қатысуға шектеу болуы қажет.

  1. Бюджет кодексі бойынша:

ҚР Бюджет кодекснің 69 бабына сәйкес заттай нормалар - қажетті материалдық немесе материалдық емес игіліктерді тұтынудың немесе пайдаланудың заттай көрсеткіштері.

Заттай нормаларды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша орталық мемлекеттік органдар әзірлейді және бекітеді.

Қазіргі уақытта мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автокөліктермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және кеңсе орнымен қамтудың заттай нормалары, құрылыс,  объектілерді күрделі жөндеу, жолдарыды күрделі және ағымдағы жөндеу нормативтері бар. Әлеуметтік салада да салалық нормалары әрекет етеді.

Алайда, объектілерді ағымдағы жөндеудің нормативі бекітілмеген, яғни ағымдағы жөндеу өткізудің жиілігі және параметрлері анықталмаған.

Сонымен қатар, мемлекеттік органдар мен мекемелер жұмыс барысында кеңсе тауарларын қолданады. Кеңсе тауарларының қажетті көлемі нақты шығын негізінде бағаның өсуін ескере отырып жоспарланады, алайда шығын нормативтері бұл жерде де анықталмаған.

  1. Сыйақы төлеу мәселесі бойынша:

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы №511 бұйрығымен Бюджеттік өтінімді жасау және ұсыну қағидалары бекітілді, оның 18-тармағында қосымша ақшалай төлемдерге шығындар қарастырылған.

Бұл шығындар орталық мемлекеттік органдардың (бұдан әрі – ОМО) мемлекеттік әкімшілік қызметшілеріне жылына екі лауазымдық жалақы сомасында ақшалай сыйақы төлеуді көздейді. Сәйкесінше, ОМО–ның бюджетін жоспарлау кезінде мемлекеттік қызметшілерге ақшалай сыйақы төлемдері ескеріледі, бұл қызметкерлерді материалдық көтермелеуге кепілдік береді.

ОМО-ның қызметкерлеріне кепілді сыйақы беру жөніндегі норма Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 17 қаңтардағы №1284 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджеті және Ұлттық банкінің сметасы (бюджеті) есебінен қамтылған Қазақстан Республикасы органдары қызметкелеріне еңбекақы төлеудің жүйесі туралы» Жарлығында да қарастырылған.

Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік қызметшілерінің еңбекақысы саяси және әкімшілік қызметкерлер лауазымдарының тізіліміне сәйкес деңгейлер (орталық және жергілікті) бойынша сараланған.

Алайда қазіргі таңда, ЖАО мемлекеттік қызметшілеріне сыйақы беру сыйақы бойынша қосымша ақшалай төлемдер есебісіз жоспарланған бюджеттік қаражатты үнемдеу есебінен ғана жүзеге асырылады. Мұндай жағдаят мемлекеттік қызметкерлердің сыйақы алу шеңберіндегі тепе-теңдігін бұзу мүмкіндігімен қоса сыйақыға қаражат бөлу түрлі үнемдеу амалдары арқылы (тіпті кейде негізсіз үнемдеу немесе негізсіз шығындар арқылы) практикасына әкеліп соқтырады.

Осыған байланысты, ЖАО-ның мемлекеттік қызметшілерін материалдық ынталандыру, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңында көзделген кепілдіктерді қамтамасыз ету мақсатында, жергілікті деңгейде сыйақы беру үшін ОМО-ның еңбекақы қорын жоспарлау сияқты заңды түрде айқындау мүмкіндігін қарастыру қажет деп есептейміз.

Қорытынды:

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтаманың 2-5 тармақшалары бойынша заңнамаға қажетті өзгерістер енгізу мақсатында 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін тиісті органдарға хат жолдау ұсынылсын.

 

 

 

Мемлекеттік-құқықтық

бөлім басшысы                                                   Г.Рахметова   

 

Дата публикации
02 декабря 2019
Дата обновления
02 декабря 2019
Тип
Информация

Сейчас читают

19 октября 2026
Об итогах выборов акимов 18.10.2026
19 октября 2026
Составы, места нахождения и время работы  участковых избирательных комиссий ЗКО
19 октября 2026
Места нахождения и границы избирательных участков ЗКО

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы