Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 172 қызмет енгізілген.
2020 жылы 1 961 415 қызмет (2019 жыл – 2 110 910) көрсетілді.
Соның ішінде, көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 12 589 (0,6%) (2019 жыл - 456 682) (21,6%), мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 84 614 (4,3%) (2019 жыл – 112 914 (5,4%), мемлекетік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1 864 212 (95%) (2019 жыл – 1 541 314 (73%).
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны – 24 (2019 жыл - 27).
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату үшін Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірлесе бекітілген жоспар аясында семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер және өзге шаралар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялануда.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 4 161-ді құрап, оған
106 157 тұрғын тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялануда.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 170 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді. 2020 жылы БҚО бойынша жоспарланған 174 ішкі бақылау іс-шарасының 4-еуі ветеринария бөлімдерінде болатын. Ветеринария бөлімдерінің таратылуына байланысты Казталов, Теректі, Шыңғырлау аудандарында және Орал қаласында аталған бөлімдерде ішкі бақылау іс-шаралары жүргізілмеді (Қосымша 1).
«Мемлекеттiк тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендiру» мемлекеттік қызметінің стандарты бойынша өтініштерді қабылдау «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы жүзеге асыралады. Алайда, қазіргі уақытта, gosreestr.kz порталы арқылы жұмыстануға ешқандай мүмкіндік болмай отыр. Себебі, gosreestr.kz порталындағы Тұрғын үй қорын жекешелендіру бөлімінде - «бұл бөлім әзірленуде, кешірім сұраймыз» деген ақпарат көрсетілген. Ақпараттық жүйесінде аталған қызметті техникалық себептерге байланысты алу мүмкін болмауына байланысты мемлекеттік қызмет қағаз түрінде көрсетілді.
Заңнамаға және Elicense.kz порталында енгізіліп жатырған өзгерістерге байланыста кейбір өтініштер қағаз түрінде қабылданды (Ауыл шаруашылығы министрлігінің 28 желтоқсандағы №19-7-20/3560-И хатына сәйкес).