Облыс әкімі Ғали Есқалиевтің өңірдің өткен жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен болашақ жоспарлары туралы халық алдындағы есебі 20 ақпан күні сағат 19.00-де «Aqjaıyq» телеарнасының тікелей эфирінде өтеді.
Сондай-ақ, есеп беру кездесуін БҚО әкімдігінің YouTubе және Facebook ресми парақшаларынан тікелей эфирде тамашалауға болады.
Тұрғындар облыстық, қалалық әкімдік және «Nur Otan» партиясының БҚОФ ғимаратында орнатылған халықтың ұсыныстарын, ескертулері мен пікірлерін жинауға арналған жәшіктер арқылы мәселені жазбаша түрде жолдай алады.
Сонымен қатар, тікелей эфир барысында облыс тұрғындары 24-84-24 call-орталық нөмірі арқылы сұрақ қойып, +7 747 131 10 38 WhatsApp нөміріне мәтіндік хабарлама қалдыра алады.
Сонымен бірге тұрғындарға suraqtar2021@gmail.com электрондық поштасына өз сауалдарын жіберуге болады.
Айта кету керек, облыс әкіміне сұрақ немесе ұсыныс берер алдында аты-жөнін, ұялы телефонын, тұратын мекенжайын міндетті түрде көрсету қажет. Анонимді өтініштер қарауға жатпайды.
Есеп беру барысында облыс әкімі тікелей эфирде түскен бірқатар сұрақтарға жауап береді. Барлық қойылған сұрақтар мен берілген жауаптар БҚО әкімдігінің ресми сайтында жарияланатын болады.