Орал қалалық мәслихаты депутаттарының жетінші шақырылымына кезекті сайлауының қорытындысы туралы хабарлама
2021 жылы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағында Орал қалалық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Оралда сайлаушылар тізіміне 229 609 азамат енгізілді, оның 92 306 адамы (40,2%) бюллетень алды.
Дауыс беруге 92306 адам қатысты, оның ішінде 321 сайлаушы сырттай бюллетеньмен дауыс берді. 1949 сайлаушы дауыс беру мекенжайынан тыс жерде дауыс берді.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Саяси партияларға дауыс беру қорытындысы төмендегідей:
«Нұр Отан» партиясы - 68211 дауыс (76,6%)
«Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 11662 дауыс (13,1%)
«Ақ жол» Қазақстанның Демократиялық партиясы - 8097 дауыс (9,1%)
«ADAL» саяси партиясы - 1050 дауыс (1,2%)
Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық аумақтық сайлау комиссиясы