Меню

Страницы

Статья

Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Казталов аудандық мәслихаты депутаттарының жетінші шақырылымына кезекті сайлаудың қорытындысы туралы

ХАБАРЛАМА

 

2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Казталов аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.

Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 17686 азамат енгізіліп, оның 15033 немесе 85 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.

Дауыс беруге 14889 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 78 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 858 сайлаушы дауыс берді.

Сайлауға 4 саяси партия қатысты.

Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:

"Nur Otan" партиясы-11472 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 79,1 пайызы;

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-1218 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 8,4 пайызы;

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы-1320 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9,1 пайызы;

"ADAL" саяси партиясы-495 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 3,4 пайызы.

Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар:

"Nur Otan" партиясы – 79,1%;

"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 8,4%;

Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 9,1%.

Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясының 2020 жылғы 11 қыркүйектегі «Сайланатын мәслихаттар депутаттарының санын айқындау туралы» №21/323 қаулысы қабылданған. Осы қаулының 3-ші қосымшасымен «Аудандық мәслихаттарда сайланатын депутаттардың саны» айқындалған Казталов аудандық мәслихат депутаттарының саны 11 депутат болып белгіленген.

Осы қаулының 3-ші қосымшасында айқындалған 11 депутаттық мандатты негізге ала отырып және сайлау қортындысына сәйкес Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды төмендегідей бөлу белгіленді:

1.Nur Otan " Партиясы – 9;

2."Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-1;

3.Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 1.

 

Казталов аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 января 2021
Дата обновления
13 января 2021
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы