Жәнібек аудандық мәслихат депутаттарын сайлау қорытындылары туралы Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары
2021 жылғы 10 қаңтарда бірыңғай сайлау округінің аумағы бойынша Жәнібек аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 9884 азамат енгізіліп, оның 9212 немесе 93,20 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 9212 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 12 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 468 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:
"Nur Otan" партиясы- 7399 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 81,77 пайызы;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 816 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9,02 пайызы;
Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы - 816 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 9,02 пайызы;
"ADAL" саяси партиясы- 18 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,20 пайызы;
1. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар белгіленсін:
1. "Nur Otan" партиясы – 81,77%.
2. Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 9,02%.
3. Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 9,02%.
2. Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленсін:
1. Nur Otan " партиясы – 9.
2. Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 1.
3. Қазақстанның "Ақ жол" демократиялық партиясы – 1.
Жәнібек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы