Бөкей ордасы аудандық мәслихатының жетінші шақырылымындағы кезекті сайлаудың қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМА
2021 жылғы 10 қаңтарда Бөкей ордасы аудандық мәслихаты депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 9640 сайлаушылар енгізіліп, оның 8695-сі немесе 90,2 пайызы сайлау бюллетеньдерін алды.
Дауыс беруге 8623 адам қатысты, оның ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 1 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс жерде 245 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 3 саяси партия қатысты.
Саяси партиялар үшін дауыс беру кезінде мынадай дауыс саны берілді:
"Nur Otan" партиясы-6899 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 81,85 пайызы;
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-1499 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 17,78 пайызы;
"ADAL" саяси партиясы-31 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының 0,4 пайызы;
1. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар белгіленсін:
"Nur Otan" партиясы – 81,85
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 17,78
2. Саяси партиялар үшін депутаттық мандаттарды мынадай бөлу белгіленсін:
Nur Otan " Партиясы - 9
"Ауыл" халықтық-демократиялық патриоттық партиясы-2
Бөкей ордасы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы