Жетінші шақырылған Бәйтерек аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауының қорытындылары туралы хабарландыру
2021 жылдың 10 қаңтарында біртұтас сайлау округі аумағында Бәйтерек аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өтті.
Аймақтағы сайлаушылар тізіміне 40220 сайлаушы енгізілді, олардың 32176 сайлаушы немесе 80,0% бюллетень алды.
Дауыс беруге 32176 сайлаушы қатысты, оның ішінде 63 сайлаушы есептен шығару куәлігімен дауыс берді, 1068 сайлаушы дауыс беру үй-жайынан тыс жерде дауыс берді.
Сайлауға 4 саяси партиялар қатысты.
Саяси партияларға дауыс беру кезінде келесі дауыстар берілді:
- «Nur Otan» партиясы - 23778 дауыс немесе сайлаушылар дауысының 74,95%;
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 4891 дауыс немесе сайлаушылар дауысының 15,72%;
- «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 2413 дауыс немесе сайлаушылар дауысының 7,61%;
- «ADAL» саяси партиясы - 643 дауыс немесе сайлаушылар дауысының 2,03%.
1. Дауыс беруге қатысқандар санынан сайлаушылар дауысының жеті және одан көп пайызын алған саяси партиялары белгіленсін:
- «Нұр Отан» партиясы – 74,95%;
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 15,72%;
- «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 7,61%.
2.Саяси партияларға келесі депутаттық мандаттарды бөлу белгіленсін:
- «Нұр Отан» партиясы – 10 мандат,
- «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы – 2 мандат,
- «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы – 1 мандат.
Бәйтерек аудандық аумақтық сайлау комиссиясы