Ақжайық аудандық мәслихатының жетінші шақырылымдағы кезекті депутаттарын сайлау қорытындылары туралы
ХАБАРЛАМА
Ақжайық аудандық мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы 2021 жылдың 10 қаңтарында бірыңғай сайлау округінің аумағында өтті.
Аудан бойынша сайлаушылар тізіміне 23263 адам енгізілген, оның 21681-і сайлау бюллетеньдерін алды немесе 93,2 пайыз.
Дауыс беруге 21493 адам қатысқан, соның ішінде дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктері бойынша 40 сайлаушы, дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде 1303 сайлаушы дауыс берді.
Сайлауға 4 саяси партия қатысты.
1. Сайлау барысында саяси партияларға келесі дауыс саны берілді.
NurOtanпартиясы 17426 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 82,7 %;
«Ауыл» Халықтықдемократиялық патриоттық партиясы - 1734 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 8,22 %;
«АқжолҚазақстанның демократиялық партиясы 1726 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 8,19 %;
ADALсаяси партиясы 184 дауыс немесе дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың 0,87 %.
2. Дауыс беруге қатысқан сайлаушылар дауысының жеті және одан да көп пайызын алған саяси партиялар :
«NurOtan» партиясы – 82,7 %;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 8,22 %;
«Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 8,19 %.
3. Саяси партиялар үшін келесі депутаттық мандаттар бөлінді:
«NurOtan» партиясы – 10;
«Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы - 1;
«Ақжол» Қазақстанның демократиялық партиясы - 1 .
Ақжайық аудандық аумақтық сайлау комиссиясы