ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ХАБАРЛАМАСЫ
2021 жылдың 10 қаңтарына тағайындалған, партиялық тізімдер бойынша сайланатын Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының және Қазақстан Республикасы мәслихат депутаттарының кезекті сайлауы өткізілуіне орай және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» №2464 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 13-бабы 4-тармағына, 14-бабы 6-тармақшасына, 22-бабына сәйкес аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамы мен орналасқан жері туралы хабарлайды.
ТЕРЕКТІ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ
Төраға – Кенжегулов Булат Мухитович, төраға орынбасары – Бисенгалиев Арсен Бакытжанович, хатшы – Досмакова Гулжайсан Оринтаевна, мүшелер: Бисенгалиева Гульсая Жангировна, Козловская Светлана Юрьевна, Курматова Галина Беркиновна, Сарсенова Гульмира Бауржановна.
ОРНАЛАСҚАН ЖЕРІ
Федоровка ауылы, Г.Бойнов көшесі, №18А үй, «Теректі ауданының тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ғимараты, жұмыс телефоны - 8711-32-23-4-70.
Б.Кенжегулов,
Теректі аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы