Меню

Страницы

Статья

Социально-экономическое развитие Западно-Казахстанской области за 10 месяцев 2020 года

 

Қайырлы күн, құрметті телекөрермендер және БАҚ өкілдері!

 

Сіздерді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауының орындалу барысымен және 2020 жылдың 10 айындағы Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерімен таныстыратын боламын.

2 слайд

Промышленность

В регионе объем промышленной продукции по сравнению с прошлым годом вырос на 5,2% и составил 1,4 трлн. тенге.

В обрабатывающей промышленности отмечается небольшое снижение, это обусловлено снижением экспорта в РФ из-за пандемии.

До конца года введем новые проекты в обрабатывающей промышленности, в том числе новый цех по сбору мебели, по производству трансформаторов и переработке шкур.

Как отметил Глава государства в своем Послании, западные регионы Казахстана должны развивать газохимию.

По оценкам экспертов, при текущем уровне добычи, объем запаса газа в регионе имеется более чем на 60 лет.  И в условиях прогнозируемого падения спроса на нефть, региону безусловно нужен проект по глубокой переработке газа. Мы сейчас обсуждаем с министерством энергетики возможные проекты по газохимии.

 

 

 

 

3 слайд

Агроөнеркәсіп кешені

Мемлекет басшысының Жолдауында «Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономика құру мүмкін емес» деп атап көрсетілген.

Соңғы екі жылда 909,8 мың гектар пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер анықталып, мемлекетке 113 мың гектары қайтарылды.

2020 жылдың 10 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 1,6%-ға өсіп, 167,7 млрд. теңгені құрады.

Саладағы еңбек өнімділігі 2 тоқсанда 1,7 есе өсіп, 720 мың теңгеге дейін жетті. Ал инвестициялар көлемі өткен жылмен салыстырғанда 2,8 есе өсіп отыр.

4 слайд

Өңір басымдықтарының бірі - етті мал шаруашылығын дамыту.

Ірі қара мал басы бойынша біз республикада 4-ші орындамыз. Асыл тұқымды ірі қара мал өсіру бойынша да алдыңғы қатарға шығып отырмыз (3 орын). Ал етті бағыттағы ірі қара малын өсіру бойынша облысымыз екінші орында.

Мемлекет басшысының ауыл шаруашылығы кооперативтерін біріктіру тапсырмасы бойынша Тасқала ауданында пилоттық жоба енгізілді.

Жобаны толықтай іске асыру үшін бірқатар кедергілерді жою қажет. Сол себепті арнайы ұсынысымызды Ауыл шаруашылығы министрлігіне жолдадық.

Егер осы ұсыныс қолдау тапса, ауыд тұрғындардың табысы артатын болады.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы айтқан 7 экожүйенің бірі - ет бағыты бойынша Батыс Қазақстан облысының әлеуеті жоғары.

Бүгінде өңірдегі мал шаруашылығын дөңгелетіп отырған шаруалар ірі қара малды табиғи жайылымды жерлерде өсіріп отыр. Ал далада өскен мал экологиялық таза өнім беретіні баршаға мәлім.

Совет Үкіметі кезінде облыстың жайылым жерлер көлемі 13 млн.га құраған. Ал бүгінде біз тек 7 млн. гектар жерді пайдаланып отырмыз.

Яғни, өңірдің отарлы мал шаруашылығын дамытуға мүмкіндігі зор. Осындай таза, экологиялық өнімге сұраныс өте жоғары екенін естен шығармау керек.

5 слайд

 

Инвестиции

По итогам 10-ти месяцев объем инвестиций в основной капитал составил 364,6 млрд. тенге.

На сегодня реализуется 25 инвестпроектов на сумму 1,9 трлн. тенге.

Учитывая все ограничения, связанные с пандемией в стране, сроки реализации некоторых инвестпроектов перенесены на 2021 год, но мы продолжаем работу по привлечению инвестиций.

В этом году вводятся 10 проектов на сумму более 19 млрд. тенге.

Также на Совете инвесторов поддержано 18 проектов на общую сумму 46 млрд. тенге с созданием более 900 постоянных рабочих мест, по 4 проектам уже начато строительство.

Начато строительство 3-х оптово-распределительных центров в разных частях областного центра. Дополнительный объем хранения составит более 22 000 тонн, общая сумма инвестиций более 10 млрд. тенге.

6 слайд

Также начато строительство внешней инфраструктуры индустриальной зоны на участке в 281 га. Заключен меморандум с иностранной компанией («EuralHub»), которая будет строить внутреннюю инфраструктуры и привлекать инвесторов в индустриальную зону.

У нас функционирует информационный инвестпортал, где потенциальные инвесторы могут получить консультацию по принципу «одного окна».

7 слайд

Для региона важно отойти от зависимости от нефтегазового сектора. Нашим приоритетом является создание диверсифицированной, технологичной экономики, которая будет работать на повышение благосостояния населения. При этом мы исходим из наших конкурентных преимуществ и реальных возможностей.

8 слайд

 

Бизнесті қолдау

Мемлекет басшысының пандемия кезінде ұсынған бизнесті қолдау шараларының нәтижесінде, өңірдің 12 мыңнан астам кәсіпкерлері 6 млрд. теңгеге жуық қаражатты үнемдеуге мүмкіндік алды.

«Бизнестің жол картасы - 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын және орта бизнес субъектілеріне қолдау көрсетілді. Нәтижесінде осы жылы 270 жұмыс орны құрылып, 2875  жұмыс орны сақталды.

 «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 217 жоба 19 млрд. теңгеге қаржыландырылды.

Президентіміз өз Жолдауында «Мемлекет шаруашылықты тәуір жүргізе алмайды деген қағида аксиомаға айналды» деп айтқан болатын.

Сол себепті біз облыс бюджеті шығындарын оңтайландыру және кәсіпкерлерге қолдау жасау мақсатында коммуналдық нысандарды сенімгерлік басқаруға беру жұмыстарын жүргізу үстіндеміз.

Биылғы жылдың өзінде сенімгерлік басқаруға «Жастар» стадион, Сервис және жаңа технологиялар колледжі, протездік-ортопедиялық шеберхананың апаттылық жағдайдағы ғимараты, «Ел-Ырысы» базары және қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау қызметі жекеге берілді.

Мысалға, коммуналдық «Ел-Ырысы» базарын алған инвестор жарты миллиард теңге бөліп базардың инфрақұрылымын реттеп жатыр. Сондай-ақ қосымша тағы 15 жұмыс орны ашылды.

Осындай нәтижелер жеке сектордың - кәсіпкерлеріміздің берілген мүлікті тиімді пайдаланумен бірге, одан пайда тауып, салық төлеп, жұмыс орындарын сақтап отырғанын көрсетеді.

9 слайд

 

Өңірдің көліктік-логистикалық әлеуеті

Мемлекет басшысы елдің көліктік-логистикалық әлеуетін одан әрі арттыруды тапсырды. Осы бағытта өткен жылы 368 шақырым жол жөнделсе, биыл 436,5 шакырым жол жөндеуге 36,2 млрд. теңге қаражат қарастырылды.

Ресейдің ең ірі қалаларының бірі – Самара қаласымен байланыстыратын «Самара-Шымкент» жолына, Саратов облысына шығатын «Чапаев-Жалпақтал-Казталов-РФ шекарасы» жолдарына жөндеу жұмыстары жүруде.

Батыс Қазақстан облысын Ресейдің Волгоград, Астрахань облыстарымен байланыстыратын республикалық маңызы бар «Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы», Өнеге-Бисен-Сайқын автожолдарын салу жұмыстары жалғасуда.

 

Сондай-ақ, Ресейдің Орынбор облысы бағытындағы «Подстепное-Федоровка-РФ шекарасы» жолын жөндеу үшін жобалық-сметалық құжаттама дайындалды.

Жайық өзенің жайлаған қос облыс тұрғындары Атырау-Орал тас жолының жағдайы туралы жиі мәселе көтеріп жүр. Бүгінде аталған тас жолды реконструкциядан өткізуге, яғни жол жиегін ұзарту үшін жобалық-сметалық құжаттама жасауға қаражат бөлінді.

Нәтижесінде осы жұмыстар облыстың транзиттік әлеуетін дамытып, өңір экономикасының кіріс көздерін арттыратын болады.

 

Экспортный потенциал региона в сфере животноводства

Как я выше отмечал, в Западно-Казахстанской области большое внимание уделяется строительству дорог, связывающих нас с приграничными областями Российской Федерации.

Введение данных республиканских дорог кроме увеличения транзитного потенциала позволит значительно повысить внешнеэкономические связи, в том числе экспорт живого скота.

Наша область экспортирует свыше 6000 тонн мяса в соседние регионы, около 2000 тонн в такие зарубежные страны как, Кыргызстан, Туркменистан, Азербайджан, Россия и Армения.

Благодаря благоприятным климатическим условиям в зимнее время автомобильный маршрут Западная Европа — Западный Китай, Актобе - Уральск - Сайхин - Верхний Баскунчак имеет большие возможности стать альтернативным автомобильным маршрутом для выхода на рынки Европы и стран Ближнего Востока.

 

 

Для гарантированного сбыта ежегодного приплода живого скота, рассматривается рынки Северного Ирана, Азербайджана и Турции, где проживает более 100 миллионов жителей тюркских народов с традиционной культурой потребления пастбищного мяса.  

10 слайд

 

Тұрғын үй

Президентіміз «Азаматтардың әлеуметтік әл-ауқаты ең алдымен тұрғын үй мәселесімен тығыз байланысты» деп атап көрсетті.

Осы жылы «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде 17 көппәтерлі тұрғын үйге (2503 пәтер) және  ауылдық жердегі 139 тұрғын үй (474 пәтер) құрылысына - 21,1 млрд. теңге қаражат бөлінді.

Жыл аяғына дейін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» кезекте тұрғандар мен салымшыларына бюджет қаражаты есебінен 1083 пәтер беруді жоспарлап отырмыз. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,8 есе көп.

11 слайд

Орал қаласында іске асырылып жатқан ірі жобалардың бірі – Ақжайық шағын ауданының құрылысы.

Қазіргі таңда инженерлік желілер өткізіліп, тұрғын үйлер салуға алғашқы инвесторлар да анықталды.

12 слайд

2021 жылдан бастап аталған ауданда тұрғын үй салу жұмыстары басталатын болады. Бұл өз кезегінде өңірдің құрылыс саласының дамуына тың серпіліс берері сөзсіз.

13 слайд

 

Батыс Қазақстан облысының орталығы Орал қаласында тұрғын үй салуға жер кезегінде тұрған азаматтарға соңғы рет 2011 жылы ғана берілген.

Осы ретте өңірде тиісті коммуникациялармен қамтамасыз етілген әлеуметтік жеке үйлер салу үшін Орал қаласы мен аудандарда жер учаскілерін ұсыну бағытында жұмыстар атқарылуда.

Мысалға, Орал қаласының Круглоозерное кентінде 1 141 учаскіге арналған егжей-тегжейлі жоспарлау жоспары аяқтала келді. Алдағы жылы инженерлік-коммуникациялық желілер өткізілген соң, кезекте тұрған азаматтарға жер телімдерін бер бастаймыз.

Сондай-ақ, Теректі ауданына қарасты Федоровка ауылында 528 жер телімі және Қаратөбе ауданында 144 жер телімі дайындалды. Бұл жұмыстар ауылдағы ағайындардың тұрғын үй мәселесін шешуге және ауыл азаматтарының облыс орталығына миграциясын азайтуға сеп болады.

14 слайд

 

Газификация и водоснабжение

В текущем году планируется газоснабжение 24 сел. В результате доля обеспеченности населения области природным газом возрастет до 98,6%.

Кроме того, на водоснабжение 32 сел выделено – 7,7 млрд. тенге. По итогам года обеспеченность сельского населения централизованным водоснабжением возрастет до 88%.

15 слайд

 

Ситуация по COVID-19

На сегодняшний день в области зарегистрировано 7 382 случаев COVID-19, выздоровело 94% (6937), умерло 128 человек.

Мы увеличили количество лабораторий. Сейчас функционирует 8 лабораторий мощностью до 2750 исследований в сутки.

В сутки проводится от 1200 до 1600 исследований. В области функционирует 7 инфекционных стационаров, загруженность инфекционных коек составляет 33,2%.

Сформирован резерв коек в количестве 2028 коек (1253 инфекционных, 775 карантинных). Завершается строительство быстровозводимой модульной инфекционной больницы на 200 коек, работы выполнены на 95%.

Медорганизации области оснащены необходимым количеством медоборудования. Дефицита медицинских работников на сегодня нет.

Увеличено количество бригад скорой помощи до 83 транспортных средств, при поликлиниках созданы 123 мобильные бригады. Дополнительно закуплено 37 единиц санитарного автотранспорта и 9 передвижных медицинских комплексов для районов области.

В аптечной сети и медорганизациях области имеется двухмесячный неснижаемый запас лекарственных средств. Создан стабилизационный фонд по 25 наименованиям лекарств.

В области ограничено передвижение жителей по территории населенных пунктов с 23:00 ч. до 6:00 ч. Данная мера применяется с целью снижения количества ДТП.

По итогам 10 месяцев текущего года в регионе произошло 247 фактов дорожно-транспортных происшествий, в которых погибли 57 человек и были ранены 298 человек.

С участием детей зарегистрировано 31 ДТП, в результате которых 1 ребенок погиб и 34 получил травмы (2019г. – 49-5-57).

В населенных пунктах за отчетный период произошло 170 ДТП, в которых погибли 30 человек, 202 человека ранены.

В ночное время суток (с 22.00ч до 06.00ч) зарегистрировано 65 ДТП, в результате которых 20 человек погибли и 77 ранены.

По вине водителей совершено 235 ДТП или 95,1% от общего их числа (2019г. – 255, -7,8%), при которых погиб 51 или 89,5% (2019г. –81, -37,0%) и ранения получили 292 человека или 98,0% (2019г. – 357, -18,2%).

По вине водителей в состоянии алкогольного опьянения зарегистрировано 32 ДТП, в результате которых 6 человек погибли и 38 получили ранение различной степени тяжести (2019г. -19-2-21).

Всего выявлено 95 тыс. (94.884) нарушений Правил дорожного движения, в том числе за управления транспортными средствами в состоянии алкогольного опьянения было задержано 1692 водителя.

16 слайд

 

Білім беру

Президент биылғы Жолдауында білім беру саласын одан әрі дамытып және қолжетімді сапалы білім алу үшін жағдай жасауды тапсырды.

Облыс бойынша мектепке дейінгі ұйымдарда 30 мыңнан астам бала тәрбиеленуде. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 100%, 1-6 жастағы балалар 76% қамтамасыз етілген.

Аталған мәселелерін түбегейлі шешу үшін жеке инвесторларды балабақшалар салуға тартып, бұрынғы мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарын мемлекеттік-жеке-меншік әріптестік шеңберінде беру жолдары қарастырылуда.

Осы оқу жылының басында 7 үш ауысымдық және 7 апаттық жағдайдағы мектебіміз болған.

Осы жылы 5 мектепте үш ауысымдылық мәселесі шешіледі. Келесі жылы қалған үш ауысымды 2 мектептің мәселесін шешуге мақсат қойып отырмыз.

Апаттық мектептер бойынша осы жылы жаңа құрылыс есебінен 2 мектептің мәселесі шешіледі. Қалған мектептерді 2021-2022 жылдары шешуді жоспарлар отырмыз.

Осы жылы жалпы облыс бойынша 8 млрд. теңге қаражатқа 6 мектептің құрылысы жүргізіледі. Мемлекеттік бағдарламалар аясында биылғы жылы 8,8 млрд. теңгеге Орал қаласы мен барлық аудандардың 33 білім беру мекемелері күрделі жөндеуден өтуде.

Осы жерде айта кететін жәй бұрын айтып жүргендей бұл мәселені шешу үшін жеке инвесторларды тартып, осы жылы
2 мектептің құрылысы басталады.

Елбасының 5 әлеуметтік бастамаларына сәйкес студенттерді жатақханалармен қамтамасыз ету мақсатында жеке инвесторлар есебінен жалпы саны 1200 орынға арналған 4 жатақхана құрылысы басталып кетті.

Ал қыркүйек айында Батыс Қазақстан жоғары медициналық колледжіне 144 орындық жатақхана пайдалануға берілді.

17 слайд

 

Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау

Биылға жылы елімізде енгізілген жалпы карантиндік жағдайға байланысты Үкімет тарапынан уақытша табыссыз қалған 77 мыңнан астам батысқазақстандық азамат 42 500 теңге көлемінде әлеуметтік көмек алды.

Елбасы - «Nur Otan» партиясы төрағасының бастамасымен «Біргеміз» қорының қолдауымен өңірдегі 29 мыңнан астам адамға 1,4 млрд. теңге көлемінде бір жолғы қаржылай көмек көрсетілді.

Сондай-ақ, 4,7 мың отбасы жалпы сомасы 1,3 млрд. астам теңгеге атаулы әлеуметтік көмек алды.

Биылғы жылдан бастап 5 мыңға жуық балаларға 277,3 млн.теңгеге кепілдендірілген әлеуметтік топтама берілді.

Бүгінде жұмыссыздық денгейі 5%-ды құрап отыр. 10 айда 16 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылды.

2020 жылы жұмыссыздықты төмендету және облыс халқын жұмыспен қамту мақсатында жасақталған кешенді жоспарға сәйкес 18 мыңға жуық адам жұмыспен қамту шараларымен қамтылды.

18 слайд

 

Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері

Президенттің тапсырмасына сәйкес аудан орталықтарын дене шынықтыру спорт кешендерімен қамтамасыз ету мақсатында 9 дене шынықтыру спорт кешені салынуда.

Жыл аяғына дейін 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға беріледі. Сондай-ақ, 2021 жылы тағы 3 дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысын бастайтын боламыз.

19 слайд

 

Работа волонтеров в период пандемии

        Как известно, 2020 год был объявлен Годом волонтера.

        Ранее люди по-разному понимали и относились к волонтерскому движению. Как отметил Президент страны, волонтерство – это форма выражения патриотизма и служения обществу.

        В период пандемии за небольшое время движение набрало значительные обороты, сплотило вокруг себя граждан с самыми благими намерениями. Объявление Главой государства Года волонтера сыграло ключевую роль в борьбе с угрозой и в оказании поддержки населению.

        Нами был разработан сайт Volonteer07.kz. На сайте зарегистрировано около 10 тыс. волонтеров и более 18 тыс. мероприятий.

20 слайд

 

        Сокращение имиджевых расходов

Мы значительно сократили расходы на проведение имиджевых мероприятий в трехлетнем бюджете, это свыше 1-го миллиарда тенге (395,4 млн. тенге – 2020 год, 2021 год – 354,9 млн. тенге и 2022 году – 356,4 млн. тенге).

Сэкономленные средства были направлены на решение актуальных социальных проблем.

 

Повышение эффективности государственных инвестиций

Наш регион является дотационным, в связи с этим мы уделяем большое внимание экономии бюджетных средств. С этой целью с этого года ввели практику закупок работ и услуг с трёхгодичным финансированием.

Это дало нам ряд положительных эффектов. К примеру на установку видеонаблюдения по городу мы планировали затратить 2,3 млрд. тенге, сейчас это обошлось бюджету области на 700 млн. тенге, при этом в эту стоимость входит трехлетнее сопровождение.

Кроме экономии средств, мы экономим время, усиливаем ответственность подрядчиков одновременно обеспечивая им долгосрочные и стабильные контракты. Но самое главное снижаются коррупционные риски.

По такому принципу проведены закупки по уличному освещению, озеленению, содержанию и эксплуатации фонтанов, обслуживанию и ремонту автодорог.

21 слайд

 

Цифровизация

Тезис Главы государства «Бегать» должны «данные, а не люди» стал популярен в медиа. Цифровизация, действительно, должна упростить получение госуслуг и искоренить бумажную волокиту.

К примеру за 9 месяцев т.г. количество электронных госуслуг возросло до 80%, в прошлом году в электронном формате оказано 70% госуслуг.

В рамках госпрограммы «Цифровой Казахстан» внедряется геоинформационный портал, во время чрезвычайного положения в короткие сроки запустили сайт stopcovid.kz, хорошо помог нам call-центр iKomek109 Uralsk, работает call-центр 112, система контроля исполнения работ в сфере ЖКХ, мобильное приложение «SmartUralsk».

Стоит отметить, что разработчиками многих IT-решений являются местные компании.

В текущем году был инициирован проект по проведению мобильного интернета посредством технологии 3G/4G в СНП с населением более 250 человек. По данному проекту по ЗКО до конца года планируется охватить 70 сел. 

22 слайд

 

Қадірлі телекөрермендер, құрметті БАҚ өкілдері!

Осымен Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына жолдауын түсіндіру және 2020 жылдың 10 айындағы БҚО әлемуеттік-экономикалық дамуы туралы есебім аяқталды. Сауалдарыңыз болса жауап беруге дайынмын.

Дата публикации
13 ноября 2020
Дата обновления
13 ноября 2020
Тип
Доклад

Сейчас читают

19 октября 2026
Об итогах выборов акимов 18.10.2026
19 октября 2026
Составы, места нахождения и время работы  участковых избирательных комиссий ЗКО
19 октября 2026
Места нахождения и границы избирательных участков ЗКО

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

Послания Президента РК
Сайт Президента РК
Сайт Премьер-Министра РК
Концепция цифровой трансформации
Жизненные ситуации
Государственные символы РК
Термины и обозначения
Служба центральных коммуникаций при Президенте РК
Экранный диктор
Концепция развития искусственного интеллекта на 2024 – 2029 годы