16 қазанда өңір әкімдігінде облыс әкімінің орынбасары К. Е. Мендиғалиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс Батыс Қазақстан облысының прокуратурасымен бірлесіп ұйымдастырылды. Жиында балалар суицидінің алдын алу бойынша қазіргі жағдай мен профилактикалық шараларды күшейту мәселелері талқыланды.
Өңір әкімінің орынбасары отырысты аша отырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оларды құқыққа қайшы контенттен, сондай-ақ заманның өзге де сын-қатерлерінен қорғау мәселелерінде мемлекеттік органдардың жүйелі тәсілі мен өзара үйлесімді жұмысының маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар азаматтық қоғам институттарымен және ата-аналармен бірлесіп жұмыс істеу қажеттігіне тоқталды.
Комиссия жұмысына қадағалаушы және бейінді органдардың, ТЖ, облыстық, қалалық және аудандық деңгейдегі полиция бөлімшелерінің өкілдері, өңірдегі балалар мен ересектердің құқықтары жөніндегі уәкілдер, аудан әкімдерінің және Орал қаласы әкімінің орынбасарлары, сондай-ақ қоғам қайраткерлері қатысты.
Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.