Меню

Страницы

Статья

Бұқаралық ақпарат құралдарына және онлайн- платформаларды пайдаланушыларға арналған сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялау жөніндегі АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

       «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 28-бабының 3-тармағына сәйкес бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар сайлау алдындағы үгіт жүргізу басталғанға дейін кемінде бес күн бұрын, яғни 2026 жылғы 27 қазаннан кешіктірмей, шарттық негізде ұсынатын сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді жариялап, сондай-ақ оларды Аумақтық сайлау комиссиясына ұсынуға тиіс.

       Шарт негізінде эфир уақытын, баспа бетін және ақпарат көлемін беретін бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушылар сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтер жарияланғанға дейін партиялық тізімдерін ұсынған саяси партиялардың сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыруға және таратуға құқылы емес.

       Сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастыру ақысының мөлшері мен шарттары туралы мәліметтерді келесі электрондық пошта мекенжайға жолдауға болады: tic_zko_obl@saylau.kz

Батыс Қазақстан облыстық аумақтық сайлау комиссиясы

Дата публикации
13 октября 2026
Дата обновления
13 октября 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы