2026 жылғы 27 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының 6 округінде әкімдердің сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысына сәйкес келесі әкімдер тіркелді:
1. Ақжайық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
1 қазандағы №86 шешімімен Доскалиев Марат Бахтыгалиевич Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1976 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақсуат ауылының тұрғыны.
2. Бәйтерек ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
30 қыркүйектегі №126 шешімімен Альмурзин Ауған Ғарифоллаұлы Бәйтерек ауданы Көшім ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1973 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Үлкен Шаған ауылының тұрғыны.
3. Бәйтерек ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
1 қазандағы №128 шешімімен Қарекенов Данияр Сансызбайұлы Бәйтерек ауданы Махамбет ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1988 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Махамбет ауылының тұрғыны.
4. Бәйтерек ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы
30 қыркүйектегі №127 шешімімен Нұрбайыров Біржан Төлегенұлы Бәйтерек ауданы Щапов ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1976 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Щапов ауылының тұрғыны.
5. Бөкей ордасы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 28 қыркүйектегі №61 шешімімен Алтаяқов Сайран Нұрлыбайұлы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1982 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылының тұрғыны.
6. Шыңғырлау ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2026 жылғы 27 қыркүйектегі №58 шешімімен Хамитов Алмас Темірболатұлы Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1998 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылының тұрғыны.