30 қыркүйек күні Орал қаласында Батыс Қазақстан облысы Іскер әйелдер қауымдастығы мен Әйелдер күштері альянсының кеңейтілген жұмыс отырысы өтті.
Іс-шараны БҚО Іскер әйелдер қауымдастығының төрайымы Жансұлу Меңешқызы ашып, ұйымның алдағы жоспарлары мен жаңа жобаларын таныстырды.
Кездесу барысында Әйелдер күштері альянсының БҚО төрайымы Айнұр Сұлтанова сөз сөйлеп, альянстың өңірдегі қызметі мен әйелдердің қоғамдық белсенділігін арттыру бағытындағы жұмыстарымен бөлісті.
Сондай-ақ БҚО Іскер әйелдер қауымдастығы Жастар қанатының көшбасшысы Жазира Мұқамбетжанова жастарға арналған «Startup Women ZKO» жобасын таныстырып, жас қыздарды кәсіпкерлікке баулу және көшбасшылық қабілеттерін дамыту бағытындағы жоспарларды баяндады.
Іс-шараға «Атамекен» ҰКП, «Даму» қоры, екінші деңгейлі банктердің өкілдері, БҚО әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мүшелері, БҚО Білім басқармасы, Денсаулық сақтау басқармасы, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, «Атамекен» ҰКП жанындағы Іскер Әйелдер кеңесі, «Әділет», “Республика”, “Ақжол” партияларының әйелдер қанатының төрайымдары мен белсенді өкілдері мүшелері, сондай-ақ өңір кәсіпкерлері қатысты.
Кездесу барысында:
✅ Әйелдер кәсіпкерлігін дамыту мәселелері талқыланды;
✅ Мемлекеттік және қаржылық қолдау құралдары таныстырылды;
✅ «Startup Women ZKO» жобасы ұсынылды;
✅ Әйелдердің құқықтарын қорғау, жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау бағыттары қарастырылды;
✅ БҚО Білім басқармасымен ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
🤝 Әйелдердің әлеуетін арттыру, тәжірибе алмасу және жаңа мүмкіндіктерге жол ашу – кездесудің басты мақсаты болды.
АДЖКЗКО #ӘйелдерКүшіАльянсы #ӘйелдерКеңесі #StartupWomenZKO #Атамекен #ДамуҚоры #Орал #БҚО #ӘйелдерКөшбасшылығы #ЖастарҚанаты #КәсіпкерӘйелдер #ӘділетПартиясы #БірлікПенДаму #ӘйелдерҚұқығы