Меню

Страницы

Статья

Отбасы күнін мерекелеу аясында

Жыл сайын қыркүйек айының екінші жексенбісінде Қазақстанда «Отбасы күні» аталып өтеді. Отбасы күнін мерекелеу – қоғамның іргелі негізі болып табылатын отбасы институтын нығайтуға бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігіне айналды.

Батыс Қазақстан облысында да еліміздің барлық өңірлеріндегідей, 7 қыркүйектен бастап бірқатар іс-шаралар мен ауқымды ақпараттық науқан жүзеге асуда. Аталған жұмыстар отбасы институтын нығайтуға, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыруға, жастардың отбасын құруға саналы көзқарасын қалыптастыруға, мемлекеттік отбасы саясаты саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы халықты ақпараттандыруға, ерлер мен әйелдердің репродуктивтік денсаулығын қорғауға, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алуға, балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға, сондай-ақ қолжетімді мемлекеттік әлеуметтік қолдау шаралары туралы ақпарат беруге бағытталған.

Осы күн аясында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдері Тасқала аудандық Отбасын қолдау орталығында ұйымдастырылған тақырыптық кездесуге қатысты. Іс-шараның негізгі идеясы – «Мықты отбасы – проблемасы жоқ отбасы емес. Бұл – бір-бірімен сөйлесе білетін, бір-біріне қолдау көрсететін, жеке шекараны құрметтейтін, балаларды бірге тәрбиелейтін, қиындықтарды бірге еңсеретін және қажет болған жағдайда көмекке жүгіне алатын отбасы» деген ұстанымға негізделді. Басты міндет – көмек көрсетуді нақты әрі кәсіби түрде, белгілі бір алгоритм бойынша ұйымдастыру: нақты жағдай – маманның түсіндірмесі – кеңес – практикалық көмек.

Кездесу барысында тұрғындармен отбасылардың күнделікті өмірінде кездесетін нақты мәселелер бойынша ашық пікір алмасу ұйымдастырылды. Атап айтқанда, үй шаруасы мен ата-аналық міндеттерді бөлу, қаржылық қиындықтар, бала тәрбиесі, балалардың қоғамға бейімделуі, отбасылық жанжалдар, ажырасу, цифрлық қауіптер, сталкинг және басқа да өзекті мәселелер талқыланды. Сонымен қатар, Отбасын қолдау орталығының жұмысын ұйымдастыруға және оның ақпараттық сүйемелдеуіне қатысты ішкі мәселелер де қарастырылды.

Дата публикации
15 сентября 2026
Дата обновления
15 сентября 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы