Елімізде кеңінен аталып өтетін Отбасы күні қарсаңында Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның өкілдері Бәйтерек ауданына барып, Отбасын қолдау орталығының қызметімен танысты.
Сапар барысында мамандар түрлі отбасылық мәселелер мен қиындықтарға тап болған азаматтарға кешенді көмек көрсету үшін жасалған жағдайларды зерделеді. Орталықтың жұмысы, ең алдымен, өмірлік қиын жағдайға тап болған адамның қажетті қолдауды дер кезінде алуына және өз мәселелерімен жалғыз қалмауына бағытталған.