Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 27 қыркүйеккке тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша
кандидаттарды тіркеу жұмыстарының қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2026 жылғы 27 қыркүйекке Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі, Бәйтерек ауданы Көшім, Махамбет және Щапов ауылдық округтері, Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі, Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылдық округі әкімдерінің сайлаулары тағайындалды.
21 кандидат ұсынылды, барлығы да өзін-өзі ұсынғандар.
21 кандидаттың 14 - мемлекеттік қызметшілер, 5 - бюджет саласынан,
1 – үкіметтік емес ұйымнан, 1 – өзін-өзі қамтушы.
Кандидаттардың орта жасы 44,7 жас, ең жас кандидат 27 жаста, жасы үлкені 58 жаста.
8 кандидат (38,1%) - ауылдық округтің тұрғыны, 11 кандидат (52,4%) – аудан аумағында, 2 (9,5%) кандидат облыс аумағында тұрады.
18 кандидат тіркелді.
Біліктілік талаптарына сай келмеуіне байланысты 1 кандидатты тіркеуден бас тартылды, 2 кандидат өз өтініші бойынша кандидатурасын алып тастады.