Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес
2026 жылғы 27 қыркүйекке өкілеттігі аяқталуына байланысты:
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Ақжайық ауданы Ақсуат ауылдық округі әкімінің;
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бәйтерек ауданы Көшім, Махамбет және Щапов ауылдық округі әкімдерінің;
Шыңғырлау ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Шыңғырлау ауданы Ақтау ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.
Мерзімінен бұрын өкілеттігі тоқтатылуына байланысты:
Бөкей ордасы ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.