Меню

Страницы

Статья

Отбасы берекесі –басты назарда

     Бүгінгі таңда  Отбасын қолдау орталықтары – отбасылық саясаттың негізгі институттарының бірі. Олар азаматтардың құқығын қорғауда және қиын өмірлік жағдайға тап болған жандарға кешенді көмек көрсетуде маңызды рөл атқаруда. Осы қағида Батыс Қазақстан облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның өңірдегі  елдімекендердегі  орталықтарға баратын жұмыс топтарының негізгі ұстанымына айналды.

    Ағымдағы жылдың 17 тамызында облыстық комиссияның мүшелері А. Сәлиева, Т. Рогозина, Д. Сатарова  Шыңғырлау ауданы, Шыңғырлау ауылында  орналасқан Отбасын қолдау орталығында болды.

 Жұмыс сапары барысында олар орталықтың жұмысымен танысып, нысан қызметінің  ақпараттық  сүйемелдеу жұмысына ерекше назар аударды.

Сондай-ақ, ауыл тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша кеңес берді. Орталық қызмет алушыларына арнап жоспарлы  түрде ұйымдастырылатын шеберлік сағатына қатысты. Орталық мамандарының заңды некеге отыруға ниетті жұптарды сүйемелдеу тәжірибесін талқылады.

Аудандық Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның мамандарының айтуынша: « Аудан тұрғындарының орталыққа жүгіну статистикасы,мекеменің қажеттілігінің жоғары екендігін және халықтың сенімі арта түскенін көрсетеді».

Дата публикации
18 августа 2026
Дата обновления
18 августа 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы