Меню

Страницы

Статья

Уақытылы ақпараттандыру – алдын алу мен ерте көмектің іргетасы


Жергілікті атқарушы органдардың отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу жөніндегі жұмыс жүйесі ведомствоаралық өзара іс-қимылға, тәуекелдерді ерте анықтауға және зардап шеккендерді қорғауға негізделген. Бұл жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі – Отбасын қолдау орталықтары.
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның «Отбасыларды қолдау орталықтарының қызметі туралы халықты ақпараттандыру, БАҚ-ты, әлеуметтік желілерді, сондай-ақ цифрлық жарнамалық шешімдердің мүмкіндіктерін кеңінен пайдалану жұмыстарын қамтамасыз ету туралы» хаттамалық тапсырмасын орындау мақсатында 31 шілде күні Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі облыстық комиссия мүшелері А.Ө.Салиева, Т.В.Рогозина, Г.Б.Шукеева Қалалық орталықта болды.
Сапар барысында Орал қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің, құқық қорғау органдарының өкілдерінің белсенді қатысуымен орталықтың басшылығымен және қызметкерлерімен, келушілермен сындарлы әңгіме өтті. Орталық ұсынатын қызметтер туралы халықты ақпараттандыру жұмыстарын алдын алу субъектілерімен, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдармен тығыз өзара іс-қимыл жолға қойылғаны анықталды. Кездесу барысында бірқатар қосымша шаралар да бірлесіп әзірленді.
Жұмыс жалғасуда.
Анықтама үшін: Азаматтар түсініктеме алу үшін жергілікті әкімдікке, ішкі саясат немесе жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне, ішкі істер органдарына және тікелей Н.Назарбаева көшесі, 161 мекенжайында орналасқан Отбасын қолдау орталығына жүгіне алады.

Дата публикации
31 июля 2026
Дата обновления
31 июля 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы