Меню

Страницы

Статья

Күн тәртібінде - Отбасын қолдау орталығы

Отбасын қолдау орталығының қызметі туралы бұқаралық ақпарат құралдары, әлеуметтік желілер және цифрлық арналар арқылы халықты ақпараттандыру, сондай-ақ отбасы институтын нығайту мәселелері Батыс Қазақстан облысы әкімінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия өкілдері Т.В. Рогозина мен Г.Б. Шукееваның жұмыс сапарының негізгі тақырыбы болды.
Жұмыс сапары барысында аудандық Отбасын қолдау орталығы, онымен өзара іс-қимыл жасайтын Белсенді ұзақ өмір сүру орталығы, аквареабилитация қызметін көрсететін бассейн, Ақсай қаласының кітапханасы және басқа да әлеуметтік нысандар араланды.
Аудан тұрғындарымен, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына қызмет көрсету орталығының қызметкерлерімен ашық диалог ұйымдастырылып, оның барысында отбасылық құндылықтарды нығайту, мемлекеттік отбасылық-демографиялық саясатты іске асыру, әйелдердің қоғамдағы рөлі және отбасыларды мемлекеттік қолдау шаралары талқыланды.
Сонымен қатар, жергілікті атқарушы органдардың отбасылық-демографиялық саясат саласында қабылдап жатқан шараларының тиімділігіне талдау жүргізіліп, ведомствоаралық өзара іс-қимыл мен қызметті үйлестіру мәселелері қаралды.
Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бірқатар нақты ұсынымдар берілді.

Дата публикации
29 июля 2026
Дата обновления
29 июля 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы