Меню

Страницы

Статья

Батыс Қазақстан облысының 2026 жылғы қаңтар-мамырдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат

2026 жылғы қаңтар – мамырында өнеркәсіп өнімдері 1704,2 млрд теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 89,0%.

Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 87,4%, өңдеу саласында 100,2% құрады.

  • Газ өндірісінің көлемі 9853,8 млн. текше метр құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 13,2%-ке төмен, газ конденсаты – 4791,8 мың тонна немесе 86,1%.

Резеңке және пластмасса бұйымдары – 33,6%-ке, басқа металл емес минерал өнімдер – 12,5%-ке, дайын металл бұйымдары – 8,2%-ке, машина жасау – 7,6%-ке, металлургия өнеркәсібі – 0,4%-ке, жиһаз – 23,5%-ке өсуі байқалады.

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 82,2 млрд теңге немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне 104,2% құрады.

Негізгі капиталға инвестициялар 235,0 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар – мамыр деңгейінен 14,9%-ға артық.

2026 жылы жалпы сомасы 428,1 млрд теңгеге 2 415 жұмыс орын құрумен 54 жоба іске асырылуда.

Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2026 жылдың 1 маусымына 7,7%-ке төмендеді және 53,8 мың бірлікті құрады.

ШОБ субъектілерімен 2025 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2945,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 6,0%-ке төмен.

168,6 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2025 жылғы қаңтар - мамырына 101,4%.

Құрылыс жұмыстарының көлемі 93,1 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезең деңгейінен 18,0%-ға көп.

Бөлшек тауар айналымының көлемі 247,1 млрд теңге, 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,8% құрады.

ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2026 жылғы қаңтар-сәуір айында 1969,5 млн АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 27,4%-ға төмендеді.

Көлік қызметінің көлемі 97,3 млрд теңгені немесе 99,5% құрады. 15,9 млн тонна жүк және 26,1 млн жолаушы тасымалданды немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 99,2% және 104,1%.

Инфляцияның жалпы деңгейі (2025 жылғы желтоқсанға) 104,6% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 4,0%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 4,0%-ке, ақылы қызметтер – 6,1%-ке.

Мемлекеттік бюджетке 226,9 млрд теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 67,9%), соның ішінде республикалық бюджетке – 126,2 млрд. теңге (55,5%), жергілікті – 100,7 млрд. теңге (94,4%).

Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,8%. Есепті кезеңде 5018 жұмыс орны құрылды, 5411 адам жұмысқа орналастырылды.

2026 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық еңбекақы 387 694 теңге құрады немесе 2025 жылғы сәйкесінше деңгейіне 107,1%.

 

Дата публикации
02 июля 2026
Дата обновления
02 июля 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы