Қазақстанда әкелер институтын дамыту – бүгінгі күннің ең өзекті мәселелерінің бірі. Бұл бағытта отбасылық және гендерлік саясат Тұжырымдамасы аясында ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Мәселен, ұлттық Әкелер күні қарсаңында еліміздің түкпір-түкпірінде тақырыптық форумдар өтті. Бұл шаралар орталық және жергілікті мемлекеттік уәкілетті органдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық Комиссияның қолдауымен ұйымдастырылды.
Батыс Қазақстан облысында бұл форумдар барлық аудандар мен облыс орталығын түгел қамтыды.
Форумдардың басты міндеті – бала тәрбиесіндегі әкенің рөлін арттыру, отбасылық құндылықтарды нығайту және салт-дәстүрлерді ұрпаққа жалғастыру.
Облыстық форум аясында «AQJAIYQ» телеарнасында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрағасының орынбасары Елена Тарасенконың қатысуымен «Время вашего вопроса» бағдарламасы түсірілді. Тікелей эфирдің басты ұраны мен негізгі түйіні – «Жауапты әке болу – берік отбасы мен мықты қоғамның негізі» деген тұжырымға саяды.
Барлық іс-шаралар қатысушылардың жоғары қызығушылығымен және ерекше атмосферасында өтті.