Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 86,4%, өңдеу саласында 103,4% құрады.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 55,4 млрд теңге немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне 104,4% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар 182,6 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар – сәуір деңгейінен 17,0%-ға артық.
2026 жылы жалпы сомасы 428,1 млрд теңгеге 2 415 жұмыс орын құрумен 54 жоба іске асырылуда.
Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2026 жылдың 1 мамырына 9,0%-ке төмендеді және 53,8 мың бірлікті құрады.
ШОБ субъектілерімен 2025 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2945,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 6,0%-ке төмен.
128,3 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2025 жылғы қаңтар - сәуіріне 102,2%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 69,3 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезең деңгейінен 17,0%-ға көп.
Бөлшек тауар айналымының көлемі 196,9 млрд теңге, 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне нақты көлем индексі 100,6% құрады.
ЕАЭО елдер есебімен сыртқы сауда айналымы 2026 жылғы қаңтар-наурыз айында 1383,1 млн АҚШ долларын құрап, 2025 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 30,5%-ға төмендеді.
Көлік қызметінің көлемі 79,4 млрд теңгені немесе 102,0% құрады. 12,9 млн тонна жүк және 20,8 млн жолаушы тасымалданды немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне сәйкесінше 99,1% және 105,0%.
Инфляцияның жалпы деңгейі (2025 жылғы желтоқсанға) 104,2% құрады. Азық-түлік тауарларының бағасы 3,9%-ке өсті, азық-түлік емес тауарлар – 3,6%-ке, ақылы қызметтер – 5,3%-ке.
Мемлекеттік бюджетке 187,0 млрд теңге салықтар және басқа да міндетті төлемдер түсті (болжамға – 70,3%), соның ішінде республикалық бюджетке – 103,1 млрд. теңге (55,7%), жергілікті – 83,9 млрд. теңге (103,8%).
Жұмыс күші санындағы тіркелген жұмыссыздар үлесі – 4,8%. Есепті кезеңде 4095 жұмыс орны құрылды, 4699 адам жұмысқа орналастырылды.
2026 жылғы қаңтар-наурызда орташа айлық еңбекақы 387 694 теңге құрады немесе 2025 жылғы сәйкесінше деңгейіне 107,1%.