2026 жылғы қаңтар - ақпанында өнеркәсіп өнімдері 889,2 млрд теңгеге өндірілді, нақты көлем индексі – 84,7%.
Тау-кен өндірісі саласында нақты көлем индексі 82,8%, өңдеу саласында 100,3% құрады.
Газ өндірісінің көлемі 5789,4 млн. текше метр құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезеңінен 17,2%-ке төмен, газ конденсаты – 2791,5 мың тонна немесе 81,8%.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 36,4 млрд теңге немесе 2025 жылдың тиісті кезең деңгейіне 104,6% құрады.
Негізгі капиталға инвестициялар 135,4 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылғы қаңтар –наурыз деңгейінен 22,3%-ға артық.
2026 жылы жалпы сомасы 428,1 млрд теңгеге 2 415 жұмыс орын құрумен 54 жоба іске асырылуда.
Шағын және орта бизнестің жұмыс істеп тұрған субъектілерінің саны 2026 жылдың 1 сәуірінде 5,3%-ке төмендеді және 55,8 мың бірлікті құрады.
ШОБ субъектілерімен 2025 жылдың қаңтар-желтоқсанында 2945,4 млрд. теңгеге өнім өндірілді, бұл 2024 жылдың тиісті кезеңінен 6,0%-ке төмен.
92,5 мың шаршы метр тұрғын үй іске қосылды немесе 2025 жылғы қаңтар - наурызына 105,1%.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 49,7 млрд теңге құрады, бұл 2025 жылдың тиісті кезең деңгейінен 17,4%-ға көп.