Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 176 мемлекеттік қызмет және 296 қосалқы қызмет енгізілген.
- Жалпы ақпарат
2026 жылдың 1-ші тоқсанында 1 028 490 қызмет көрсетілді.
Соның ішінде,
- көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1 708 (0,1%),
- мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 11 900 (1,2%),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) саны – 680 630 (66,2%),
- көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 410 698 (35,3%) .
Ақпараттық жүйелер арқылы көрсетілген қызметтер саны: 40 443
- egov.kz портал арқылы – 34 074
- elicense.kz порталы – 4 886
- Азаматтарға арналған үкімет мемкорпорациясы арқылы – 1 483
Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны: 38 589
- ИСС – 1238
- ИС Е-Собес – 10 545
- ИС Рынок труда – 675
- E-Qazyna.kz – 50
- ИС Жилищная помощь - 268
- «Электронная биржа труда» /енбек кз – 19 068
- Социальная помощь – 211
- kz – 5 316
- Baspana market – 145.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 109, оған
3790 тұрғын тартылды. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарынан 9 адам өтті.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 31 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.