Ағымдағы жылдың 11 маусымында Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысы облыс әкімі аппараты басшысының орынбасары Ж. Ғұмаровтың төрағалығымен өтті. Отырыстың негізіне республикалық Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның өңірлік комиссия отырыстарында балалар арасындағы суицидтік әрекеттер фактілерін қарау және нақты профилактикалық шаралар әзірлеу туралы хаттамалық тапсырмасы алынды.
Отырыс барысында Теректі ауданы әкімінің орынбасары Т. Сағынгереев, облыстық Балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы А. Семғалиева, Батыс Қазақстан облысы білім басқармасы басшысының орынбасары С. Галиева, облыстық психологиялық қолдау орталығы басшысының орынбасары Н. Қуанышалиева және басқа да жауапты тұлғалар есептік баяндамалар жасады. «Басты міндет – суицидтік тәуекелдерді дер кезінде анықтап, көмекке мұқтаж балаларға уақытылы қажетті көмек пен кешенді қолдау көрсету», – деп атап өтті Ж. Ғұмаров. Талқылауға және қосымша шараларды әзірлеуге Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінің басшысы А. Тасыбаева, облыстық мәслихат депутаты Б. Лаврентьев, қалалық мәслихат депутаты М. Жәрдемов, Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы З. Ғұмарова, өңірдегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Ш. Өтебалиева, Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі А. Жұбаныш, облыстық Дін істері басқармасының басшысы А. Тапишев, облыстық Қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Г. Шүкеева, облыстық Мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының орынбасары Т. Ғабдушев, облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы А. Ғұбайдуллина, педагогика саласының ардагері Қ. Қрықбаев және басқа да қатысушылар белсенді түрде атсалысты.
Отырыс қорытындысы бойынша нақты әрі нысаналы тапсырмалар қабылданды.