Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының
2026 жылғы 5 шілдеге тағайындалған аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерін сайлау бойынша кандидаттарды тіркеу жұмыстарының қорытындысы туралы
ХАБАРЛАМАСЫ
2026 жылғы 5 шілдеге Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі, Бәйтерек ауданы Атамекен және Белес ауылдық округтері, Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылдық округі, Казталов ауданы Ақпәтер, Болашақ және Қараоба ауылдық округтері, Сырым ауданы Алғабас және Елтай ауылдық округтері, Теректі ауданы Шағатай ауылдық округі әкімдерінің сайлаулары тағайындалды.
33 кандидат ұсынылды, 5 - «AMANAT» партиясынан, 28 - өзін-өзі ұсынғандар.
33 кандидаттың 24 - мемлекеттік қызметшілер, 5 - бюджет саласынан,
2 - коммерциялық ұйымнан, 2 - жұмыста жоқ.
Кандидаттардың орта жасы 40,1 жас, ең жас кандидат 25 жаста, жасы үлкені 58 жаста.
7 кандидат (21,2%) - ауылдық округтің тұрғыны, 22 кандидат (66,7%) – аудан аумағында, 4 (12,1%) кандидат облыс аумағында тұрады.
30 кандидат тіркелді.
Біліктілік талаптарына сай келмеуіне байланысты 2 кандидатты тіркеуден бас тартылды, 1 кандидат өз өтініші бойынша кандидатурасын алып тастады.