Батыс Қазақстан облысының жергілікті атқарушы органдарымен (бұдан әрі – ЖАО) мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы Қазақстан Республикасы заңдарының нормалары мен талаптарын сақтау бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қазіргі таңда, мемлекеттік қызмет тізіліміне ЖАО-ға қатысты 170 қызмет енгізілген.
2020 жылдың 9 айында 1 398 363 қызмет (2019 жыл – 1 563 085) көрсетілді.
Соның ішінде, көрсетілетін қызметті берушілер (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны 236 047 (16,8%) (2019 жыл - 353 313) (22,6%), мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді «электрондық үкімет» веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 60 009 (4,2%) (2019 жыл – 109 679 (7%), мемлекетік көрсетілетін қызметті берушілердің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 1 102 260 (78,8%) (2019 жыл – 1 100 093 (70%).
Мерзімі бұзылып көрсетілген мемлекеттік қызметтердің
саны – 12 (2019 жыл - 15).
Көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы хабардарлығын жоғарылату үшін Батыс Қазақстан облысының мемлекеттік қызмет істері департаментімен бірлесе бекітілген жоспар аясында семинарлар, кеңестер, дөңгелек үстелдер және өзге шаралар өткізіліп, бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялануда.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша жүргізілген түсіндірме іс-шараларының саны 1 337-ді құрап, оған
83 101 тұрғын тартылды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша бұқаралық ақпарат құралдарында материалдар жариялануда.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы
8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидалары негізінде 108 ішкі бақылау жұмыстары жүргізілді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 270 " Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын бекіту туралы бұйрығына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы және "электрондық үкіметтің" www.egov.kz веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
Алайда, www.egov.kz веб-порталы арқылы жіберілген өтініш жергілікті атқарушы органның elicense.kz порталына түспей, ЭҚАБЖ-нің азаматтар өтініші бөлігіне түсіп, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процессінде қиындықтар туғызуда.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 151 бұйрығы «Сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 1-тарауына сәйкес өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады және мемлекеттік қызмет көрсету нысаны қағаз түрінде деп көрсетілген.
Алайда, Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 39/НҚ «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» бұйрығымен бекітілген тізілімде аталған қызмет "электрондық үкіметтің" веб-порталымен көрсетілетіні және мемлекеттік қызмет көрсету нысаны электронды деп бекітілген.
Сонымен қатар, egov.kz веб-порталында аталған қызметке онлайн сұрау барысында https://elicense.kz/ сайтына сілтеме жасалып, ауысады. Аталған сайтқа өтінім беру кезіндегі екінші қадамда міндетті түрде жер комиссиясының қорытындысын салу талап етілген. Алайда, аталған құжат өтініш қаралғаннан кейін беріледі.
Осыған орай, аталған мемлекеттік қызметтер қағаз түрінде көрсетілуде.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту бойынша жұмыстар алдағы уақытта да жүргізілетін болады.