2024 жылғы 15 қыркүйек күні Батыс Қазақстан облысының 8 округінде әкімдердің сайлауы өтті.
Сайлау қорытындысына сәйкес келесі әкімдер тіркелді:
Ақжайық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі №25 шешімімен Қаленов Бекболат Рахметқалиұлы Ақжайық ауданы Ақжол ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1994 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Ілбішін ауылының тұрғыны.
Ақжайық ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 18 қыркүйектегі №26 шешімімен Тойекешов Мейрамбек Кенжебаевич Ақжайық ауданы Мерген ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1990 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының Мерген ауылының тұрғыны.
Бөкей ордасы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 16 қыркүйектегі №34 шешімімен Кадыров Бисен Нурбекович Бөкей ордасы ауданы Мұратсай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1991 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Сайқын ауылының тұрғыны.
Бөкей ордасы ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
16 қыркүйектегі №35 шешімімен Ермеккалиев Ерлан Нурбулатович Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1984 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданы Ұялы ауылының тұрғыны.
Жаңақала ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
17 қыркүйектегі №8 шешімімен Тлепбергенов Ержан Нағымұлы Жаңақала ауданы Мәстексай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1969 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақала ауылының тұрғыны.
Жәнібек ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
16 қыркүйектегі №25 шешімімен Айткалиев Гибрат Талгатович Жәнібек ауданы Жәнібек ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1992 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Жәнібек ауданы Жәнібек ауылының тұрғыны.
Сырым ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
17 қыркүйектегі №1.30/71 шешімімен Байров Рашид Серикович Сырым ауданы Елтай ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1984 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы Тасқұдық ауылының тұрғыны.
Тасқала ауданы аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы
16 қыркүйектегі №44 шешімімен Сидагалиев Ербол Мендыканович Тасқала ауданы Қосшы ауылдық округінің әкімі болып тіркелді. 1971 жылы туған, Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы Асан ауылының тұрғыны.