Меню

Страницы

Статья

Балалар қауіпсіздігі – баршаның және әрқайсысының ісі!

 

Балалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау мемлекеттік саясаттың ең маңызды басымдықтарының бірі болып табылады. Оның құрамдас бөліктерінің бірі – балалар қауіпсіздігі. Жазғы кезеңде, яғни каникул уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ерекше назар аударуды талап етеді. Барлық уәкілетті органдар жайлы орта қалыптастыру үшін ведомствоаралық компонентті күшейтуге міндетті. Бұл жұмыс нақты бағытталған және жергілікті ерекшеліктерді ескере отырып жүргізілуі тиіс. «Балалар қауіпсіздігі – баршаның және әрқайсысының ісі», - деп атап өтті Батыс Қазақстан облысы әкімі Аппараты басшысының орынбасары Ж.А.Ғұмаров өңір әкімдігі жанындағы Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысын аша отырып. Отырыс барлық аудандар мен Орал қаласы әкімдері орынбасарларының қатысуымен кеңейтілген форматта өтті. Жиынның өткізілуіне өңірдегі жазғы кезеңге сапалы дайындықтың қажеттілігі себеп болды.

 Жұмыс тиімділігін арттыру шаралары бойынша өз пікірлері мен ұсыныстарын Бала құқықтары жөніндегі уәкіл және Қазақстан Республикасы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Батыс Қазақстан облысы бойынша өкілі, облыстық Төтенше жағдайлар департаменті мен Полиция департаментінің, өңірлік Балалардың құқықтарын қорғау басқармасы мен Білім басқармасының, Батыс Қазақстан облысының Дін істері басқармасы мен Қоғамдық даму басқармасының өкілдері, мәслихат депутаттары, қоғам қайраткерлері және басқалар білдірді.
Жиналғандар облыстық Комиссия мүшелері әзірлеген дәстүрлі «Қауіпсіз балалық шақ» акциясының басталуына ерекше назар аударды. Бұл акция 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде басталады және кәмелетке толмағандардың тыныс-тіршілігінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерінде барлық мүдделі құрылымдар мен азаматтық қоғамның күш-жігерін біріктіруге бағытталған. Ол бірнеше бағытты қамтиды: балалардың су айдындарындағы қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық орындардағы (соның ішінде саябақтарда, скверлерде, балалар мен спорт алаңдарында, сауда-ойын-сауық орталықтарында, аула аумақтарында және т.б.), үйдегі (соның ішінде балалардың терезеден құлауының алдын алу және т.б.), жолдардағы (соның ішінде балаларды тасымалдау), қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлердегі қауіпсіздік, сондай-ақ балалардың қауіпсіз еңбегін қамтамасыз ету.

– Биылғы жылы акцияның мазмұнын тағы бір бағытпен – «Балалардың цифрлық кеңістіктегі қауіпсіздігімен» толықтыру қажет. Бұған балаларда цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, құқықтық мәдениет пен цифрлық сауаттылықты арттыру, сондай-ақ буллингтің, киберқауіптердің, құқық бұзушылықтардың және өзге де тәуекелдердің алдын алу жөніндегі іс-шараларды қосу керек. Шараларды іске асыруға балаларды, ата-аналарды, педагогтарды, IT-қоғамдастықты және бейінді мемлекеттік органдарды тарту қажет, - деп атап өтті Комиссия мүшелері.

Отырыс соңында нақты тапсырмалар қабылданды.

 

Дата публикации
29 мая 2026
Дата обновления
30 мая 2026
Тип

Сейчас читают

19 октября 2026
18.10.2026 әкім сайлауларының қорытындысы туралы
19 октября 2026
БҚО учаскелік сайлау комиссияларының құрамдары, орналасқан жерлері және жұмыс уақыты
19 октября 2026
Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлау учаскелерінің орналасқан жерлері мен шекаралары

Социальные медиа

Facebook.com
Twitter.com
Instagram.com
Youtube.com

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы