Батыс Қазақстан облысы аумақтық сайлау комиссиясының хабарламасы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1 бабына сәйкес 2026 жылғы 5 шілдеге өкілеттігі аяқталуына байланысты:
Ақжайық ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Ақжайық ауданы Чапаев ауылдық округі әкімінің;
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бәйтерек ауданы Белес ауылдық округі әкімінің;
Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Казталов ауданы Ақпәтер және Қараоба ауылдық округтері әкімдерінің;
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сырым ауданы Алғабас ауылдық округі әкімінің;
Теректі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Теректі ауданы Шағатай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.
Мерзімінен бұрын өкілеттігі тоқтатылуына байланысты:
Бәйтерек ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бәйтерек ауданы Атамекен ауылдық округі әкімінің;
Бөрлі ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Бөрлі ауданы Ақбұлақ ауылдық округі әкімінің;
Казталов ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Казталов ауданы Болашақ ауылдық округі әкімінің;
Сырым ауданының аумақтық сайлау комиссиясы Сырым ауданы Елтай ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындады.